ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 7 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫМЕН 758 ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 7 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫМЕН 758 ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев айтты. Ол аталған бағдарлама шеңберінде 3 166 жаңа жұмыс орнын құру көзделгенін мәлімдеді. Салық төлемдерінің өсімі 9,1 млрд. теңгені құрап, өндірістің ұлғаюы 92,9 млрд. теңгеге өсуі жоспарлануда.
©️©️©️
«Сәуірде аймақта жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 73 603 болды. Индустриалды-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 56,6 млрд. теңгеге 7 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Бұл шаралар барысында 758 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 63,1 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде, бюджеттік инвестиция 23%-ды болса, меншікті қаражат есебінен салынған инвестиция көлемі — 77 %», — деді спикер.
Аспандияр Мұраталыұлының айтуынша, жалпы 2022-2025 жылдар аралығында шет елдің қатысуымен 1,6 трлн. теңгеге 11 инвестициялық жоба іске асып, 4 626 жаңа жұмыс орындары ашылады.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
26.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5273
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5433
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20397
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19032
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22496