Жамбыл облысында арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Жамбыл облысында арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді
 

 

Жамбыл облыстық Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің кіші жүйесі (АҚМЖ) «2022 жылғы су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем 2022″Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға қатысты. Оқу-жаттығуды басқару Батыс Қазақстан облысының Орал қаласынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі полковник М. М. Кульдиковтың басшылығымен жүзеге асырылды.

Облыс аумағында оқу-жаттығуды Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Р. Р. Дәулет, Жамбыл облысы ТЖ департаментінің бастығы полковник Е. Д. Момбаев басқарды.

Оқу-жаттығуды сапалы дайындау және өткізу мақсатында Жамбыл облысы ТЖ Департаменті алдын ала қажетті ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды пысықтады және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына, облыстық Азаматтық қорғау қызметтеріне жіберді.

Оқу-жаттығуды сапалы дайындау және өткізу мақсатында Жамбыл облысы ТЖ Департаменті алдын ала қажетті ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды пысықтады және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына, облыстық Азаматтық қорғау қызметтеріне жіберді.

Оқу-жаттығу басталғанға дейін ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді. Сондай-ақ, облыстық Азаматтық қорғау қызметтерінің (АҚ) және Экономика объектілерінің басшыларымен нұсқаулық өткізілді, онда оқу-жаттығуды өткізу тәртібі түсіндірілді, оқу-жаттығу бойынша қалыптастырылған құжаттар таратылды.

Оқу-жаттығу барысында басқару органдарының практикалық дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ 2022 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі ықтимал төтенше жағдайларды жою кезінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде азаматтық қорғау авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының бірлескен үйлестірілген іс-қимылдары мәселелері пысықталды. Оқу-жаттығуға барлығы 695 адам және әртүрлі мақсаттағы 227 бірлік техника қатысты.

Оқу-жаттығудың мақсатына сәйкес Жамбыл облысының аумағында су тасқыны жағдайының дамуына және нашарлауына жол бермеу мақсатында облыстың барлық аудандарында төтенше жағдайлар департаментінің Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің, Жамбыл облысының Азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының іс-қимылдары пысықталды.

Командалық-штабтық ойын шеңберінде көктемгі кезеңде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жұмыстарды жүргізу бойынша азаматтық қорғаудың облыстық және аудандық кіші жүйелерінің күштері мен құралдарының іс-қимылдары пысықталды. Қоғамдық тәртіпті сақтау, зардап шеккен халықты қауіпсіз орындарға эвакуациялау, төтенше жағдай аймағында адамдарды құтқару және эвакуациялау бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу орындарына бөгде адамдардың кіруін шектеуді қамтамасыз ету жөніндегі ұйым мәселелері пысықталды.

Сонымен қатар, облыстың ТЖ Департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелерінің психологтары медициналық қызметпен бірлесе отырып, медициналық-психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру мәселелерін пысықтады.

«Қызыл Жарты ай» филиалының өкілдері мен волонтерлері халыққа гуманитарлық көмек көрсетті, ал азаматтық қорғау Сауда қызметі эвакуацияланғандарды орналастыру үшін уақытша лагерьде тамақпен қамтамасыз етті.

Оқу-жаттығу жетекшісі, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тактикалық-арнайы оқу-жаттығулардың табысты өткенін, азаматтық қорғау авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының барлығы қойылған міндеттерді орындап, барынша нақты және үйлесімді өзара іс-қимылды көрсеткенін атап өтті.

 

 

 
Жамбыл облысы ТЖД Баспасөз қызметі
05.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 97
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 107
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 339
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 340
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 567
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 514

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9217
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8613
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11839
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9609
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10822