«Ұлық болсаң кішік бол» деген халқымыз бір ауыз сөзбен-ақ ел басқаратын тұлғаларға зор жауапкершілік жүктеген. Жыл жаңарып, заман ауысса да бұл мақал өз құндылығын жойған жоқ. Қорыта айтқанда, әр әкім заман ағымына сай өз ауылын көркейтіп, халықпен етене жұмыс істеуі керек. Бұл ұстаным да Мемлекет басшысы стратегиясының негізгі бағыттарының бірі. Президент әр Жолдауында елімізде әділдік пен демократия принциптерін нығайту жолында жүйелі түрде жағдай жасалып жатқанын айтып келеді.
Халық өзі сайлаған әкімдер талап үдесінен шығу жолында еңбек етіп келеді. Жалпы, Жамбыл облысында 2021 жылдың шілдеден бастап 165 ауыл әкімдерінің сайлауы өткізілді, оның ішінде партиядан ұсынылған 154 (93%) кандидат жеңіске жетті.
Аз ғана уақыттың ішінде еліміздегі реформалардың заңнамалық кешені әзірленді. Саяси институттар қайта жаңғырудан өтті, Мәжіліс пен мәслихаттар көппартиялы болды, бірмандатты депутаттар оралды. Қазіргі таңда депутаттық корпус халықтың шынайы сеніміне ие болуда. «Мықты Президент – Ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы мемлекет пен қоғамның дамуында нәтиже бере бастады.
Бұл Реформалар «AMANAT» партиясына да тікелей әсер етті. Жаңа қоғамдық-саяси ортада Партияда жүйелі ішкі өзгерістер жүргізілді, халықпен жұмыс тәсілдері жаңартылды. Партия сайлаушылардың талап-тілегіне негізделген жұмысқа басымдық беруде. Қоғамда абыройы бар, лайықты кандидаттарды ұсынып келеді. Бұл Мәжіліс, мәслихаттар және әкімдер сайлауларында халықтың сеніміне ие болуға мүмкіндік береді.
Форум жұмысы қалалық, ауылдық округ әкімдеріне арналған секциялық жұмыс және семинар тренингтермен жалғасты.