Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 4 мыңға жуық тұрғын өз кәсібін бастады

Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 4 мыңға жуық тұрғын өз кәсібін бастады

Мемлекет басшысының қолдауымен әзірленіп, 2019 жылы Жамбыл облысында пилоттық негізде басталған «Ауыл аманаты» жобасы өзінің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін көрсетті. Жоба басталғалы 18,3 млрд. теңге бөлініп, 24 ауылдағы 4 мыңға жуық  адам өз кәсіптерін ашты. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтылды.

ҚР Президентінің тапсырмасымен облыста табысты жүзеге асқан жоба қазіргі таңда ел көлемінде таралып, қолға алынуда.

- Жоба басталғалы облыстағы 24 ауылға 18,3 млрд. теңге бөлінсе, осы жылы қосымша тағы 24 млрд. теңге қаралды. Осылайша 26 ауылдағы 5 мыңға жуық тұрғынды несиелендіруді көздеп отырмыз. Яғни, тұрғындар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жұмыс орындары ашылады.

Нәтижесінде, осы жобамен қамтылған ауыл тұрғындарының орташа табысы 44 мың теңгеден 135 мыңға артатын болады.

Біз алдағы 2024-2025 жылдары республикалық бюджет есебінен 45,5 млрд. теңгеге қалған 103 ауылдық округтегі 490 мың тұрғынды қамтуды жоспарлап отырмыз,-деді Нұржан Нұржігітов.

Облыс әкімінің айтуынша, осы жоба іске асқан елді мекендердердегі әлеуметтік мәселелерді кешенді түрде шешу қолға алынуда. Атап айтсақ, аталған 24 ауылдық округтің инфрақұрылымына 9,5 млрд. теңгеге 183 жоба іске асырылуда. Ал, 2025 жылға қарай жобамен қамтылған елді мекендердің әлеуметтік игіліктермен, қызметтермен қамтамасыз ету деңгейін 92,2 пайызға жеткізуді көзделуде.

 Жалпы, 2019-2022 жылдар аралығында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасымен қамтылған 24 ауылдық округтегі 58 ауылда осы жылдары 34,2 млрд. теңгеге 240 жоба іске асырылған.

Сондай-ақ, аймақ басшысы облыста жайылым жер мәселесі  2021 жылдан бері қолға алынып, 5 бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты.

- Облыста жалпы, 683,6 мың гектар жетіспейтін жайылым жерлер анықталған болатын. Мәселен, босалқы жер қорындағы және қайтарылған жайылымды елді мекендерге бекіту арқылы 363 мың гектардан 741 мың гектарға ұлғайттық, елді мекеннен 5 шақырымдық радиуста орналасқан 49,2 мың гектар жайылым жер елді мекендерге бекітілді, орман қорының 1 млн. 80 мың гектар жеріне мал басы көп тұрғындардың 245 мың мал басы шығарылды.

Шаруа қожалықтарының жерлеріне кедергісіз мал жаюға
510 мың гектарға меморандум жасалып, игерілмеген 379 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Нәтижесінде, жетіспейтін жайылым жерлердің көлемі
683,6 мың гектардан 164 мың гектарға қысқарды.-деді Н. Нұржігітов.

Биыл жоспарға сәйкес 200 мың гектар игерілмеген, заңсыз берілген жайылым жерлерді қайтару және 69,3 мың гектарды елді мекендерге жайылым жер ретінде қосу міндеті тұр.

 
Жамбыл облысы әкімдігі
25.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 161
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 167
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 381
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 349
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 965

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9042
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9427
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646