ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 149 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 149 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
 
 
2022 жылы өңірде «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында 149 жоба іске асырылады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында хабарлады.
 «Ауыл — Ел бесігі» жобасы бойынша 82 елді мекенде 149 жобаны іске асыруға 14,2 млрд.теңге бөлінді.
❗️ – Бөлінген қаржыға 1 мектепке жапсарлас ғимараттың, 16 денешынықтыру – сауықтыру кешенінің, 15 денсаулық сақтау нысанының және 10 мәдениет үйінің құрылысы жүргізілсе, 8 білім нысандарының жылу қазандықтары газға алмастырылатын болады. Бұған қоса, 11 мектеп, 8 денсаулық нысаны, 6 мәдениет үйілері күрделі жөндеуден өтті. 172,7 шақырымға жуық ауылішілік көшелердің 98,8 шақырымы орташа жөндеуден өттіп ел игілігіне берілді, — деді басқарма басшысы Г.Жауынбекова.
©️©️©️
✅ Бүгінге 149 жобаның 92 жобасында жұмыстар толық аяқталып пайдалауға берілсе, жыл соңына дейін тағы 39 жоба аяқталады деп жоспарлануда. Ал 18 жоба құрылысы келесі жылы аяқталатын болады. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 816 жұмыс орындарын құру көзделуде, оның 75 -і тұрақты және 741 уақытша.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
01.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14354
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14282
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29425
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28061
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31590