Жамбыл облысында биыл 16 ірі инвестициялық жоба жүзеге асуда

Жамбыл облысында биыл 16 ірі инвестициялық жоба жүзеге асуда

Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында ағымдағы жылы 14,6 млрд. теңгені құрайтын 16 ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінге дейін 12 жоба (10,8 млрд. теңге) іске қосылып, 163 жұмыс орны ашылды.

Атап айтқанда, «Алель-Агро» АҚ-ның өндірістік инкубаторы іске қосылды. Өңірдегі 5 шаруа қожалығына су үнемдеу технологиялары енгізіліп, мақсары майы өндірісінің өрісі кеңейді. Сонымен бірге «ҚазАква Альянс» ЖШС балық шаруашылығы құрылды, «Эльнур Адильгрупп» ЖШС астық қоймасы салынды. «BNK Leasing» ЖШС ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету үшін сервистік орталық, алма шырынын өндіретін «Рич голд» ЖШС іске қосылды, «Каусар» шаруа қожалығы көкөніс қоймасының құрылысы аяқталды.

Жыл соңына дейін тағы төрт жоба іске қосылады деп күтілуде.
Жалпы 2024-2027 жылдары аралығында агроөнеркәсіптік кешен саласында 245,4 млрд.теңгеге 36 жобаны жүзеге асыру көзделген. Оның ішінде, 5 тауарлы сүт фермасы, 3 ет бағытындағы құс фабрикасы, 8 көкөніс қоймасы, 10 қайта өңдеу жобасы, су үнемдеу технологиясын енгізу бойынша 7 жоба, сондай-ақ бордақылау алаңы бар. Бұдан бөлек, балық шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету бойынша жобалар іске асырылады.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін көбейту бағдарламасы аясында 15 инвестициялық жоба қаржыландырылды.
Олардың қатарында көкөніс сақтау қоймасы мен тауарлы сүт фермасын салу, алма шырынын, балықтарға арналған жем-шөп өндіру, тауық саңғырығы мен қой жүнін терең өңдеу, су үнемдеу қондырғысы сияқты бастамалар бар. Жоспарға сәйкес жобалардың алды жыл соңына дейін, қалғаны келесі жылы жұмысын бастайды. Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен фри өндірісі мен ауыл шаруашылығы малдарының терісін қайта өңдеу арқылы азық қоспаларын өндіру бойынша жобалар басталады.

Жалпы іске асырылып жатқан жобалар өңірдегі сүт өндірісін 6,5 пайызға ұлғайтуға, қоймалардың сыйымдылығын 10 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы, бұл инвестициялық жобалар бағаны тұрақтандыруға және жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал етеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
19.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 526
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 634
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 640
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 632
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 635
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 411

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11711
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10641
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13873
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12830
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17836