Жамбыл облысында биыл 32 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылады

Жамбыл облысында биыл 32 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылады

Салалық басқармалар мен Тараз қаласы және аудан әкімдіктері өзара тығыз байланыста, бірлесіп, нақты нәтижеге жұмыс істеуі тиіс.

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі қаралған кезекті аппараттық кеңесте Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев осылай деді.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің баяндауынша биыл облыс бойынша 60 672 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 46 942 жұмыс орнын ашу көзделген. Оның ішінде, 31 746 адамды тұрақты жұмысқа орналастыру міндеті тұр.

Биыл 15 197 адамды субсидияланатын жұмыс орындары үшін 13,5 млрд теңге қаралған десек,  жыл басынан 9 762 адам (64,2%) жұмысқа тартылған.

Ағымдағы жылы облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына қайтарымсыз грант беру үшін 1,4 млрд теңге қаралуда.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл жастарға  2,5 пайызбен микрокредит беру жалғасады.

Жиында жұмыспен қамту көрсеткіштері төмен Жуалы, Сарысу аудандарының және Тараз қаласы әкімдерінің есептері тыңдалды.

Ербол Қарашөкеев қайтарымсыз грант және несие берудің шарттарын облыс тұрғындары арасында насихаттау мен түсіндірме жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

- Қайтарымсыз несие, грант беру кезінде тұрғындар арасында дүрбелең тумауы тиіс. Қаржыны мақсатты пайдалану, кәсіптің жоспарға сәйкес жүруі басты шарт. Азаматтарды қабылдау барысында басым бөлігі осы мәселеге қатысты өтініш білдіреді. Грант бөлу шараларының барысында заң талаптары қатаң сақталып, ашықтық қамтамасыз етілуі тиіс, — деді облыс әкімі.

Сондай ақ аймақ басшысы әлеуметтік жұмыс орындарын құру шаралары да назардан тыс қалмауы тиіс екенін атап өтті. Салалық басқарма мен қала және аудан әкімдіктері жауапкершілікті бір-біріне итермей, өзара тығыз байланыста жұмыс істеуі керектігін ескертті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Арман Тоқанов облыс аумағындағы табиғи өрттің алдын алу жөнінде қолға алынған шаралар туралы хабарлады.

Басқосу барысында табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев, Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубековтің баяндамалары тыңдалды.

Облыс әкімі орман және дала өртінің алдын алуда жеке құрамның, өрт сөндіру техникаларының сақадай сай болуы қажеттігін талап етті.

Сондай-ақ, өрт қауіпін алдын алу мақсатында тұрғындарға кең көлемде ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуді тапсырып, орман шаруашылығы мекемелерінің де әзірлігі жіті тексеріліп, жанар-жағармайдың жеткілікті көлемінің болу керектігін баса айтты.

Жамбыл облысы әкімдігі
10.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 147
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 143
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 657
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 777
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 690
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 700

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8839
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8237
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11464
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9221
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10448