Жамбыл облысында биыл 7 «Жайлы мектеп» пайдалануға беріледі

Жамбыл облысында биыл 7 «Жайлы мектеп» пайдалануға беріледі

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру барысы жан-жақты сараланды.

Жиынға «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов пен бірқатар мердігер ұйымдардың өкілдері бейне-байланыс арқылы қатысты.

Жамбыл облысында 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде жалпы 9500 оқушыға арналған 12 мектеп салу жоспарланған. (Таразда - 4, Байзақ ауданында - 1, Жамбылда - 1, Қордайда - 3, Меркіде - 1, Шуда - 2). Ағымдағы жылы оның жетеуі пайдалануға беріледі десек, қалған бесеуінің құрылысы 2025 жылы аяқталатын болады.

Жалпы, 6200 оқушыға арналған 7 мектептің құрылысына 15,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, трансфертпен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жіберілген.

Мәулен Айманбетов техникалық, авторлық қадағалау қызметтерінің және мердігерлердің жұмыстары сапалы орындалуы керектігін баса айтты.

Жиын барысында әр мектептің құрылыс жұмыстарына қатысты мердігерлерден жеке-жеке жауаптар алынып, нақты міндеттер жүктелді. Сондай-ақ, құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Аманбайдың да есебі тыңдалды.

Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының өңірдегі үш ауысымды және орын тапшылығы бар мектептердің мәселесін шешудегі маңыздылығын атап өтті.

Облыс әкімі жауаптыларға құрылыстардың сапасын қатаң бақылауда ұстау және мерзімінде аяқтау үшін тиісті жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Жамбыл облысы әкімдігі
18.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 208
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 204
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 709
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 832
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 746

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8903
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8297
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11525
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9281
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10509