ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
 
Ағымдағы жылы ауа-райының жылы болуына байланысты көктемгі дала жұмыстары ертерек басталуда. Бұл орайда дайындық барысындағы мәселелер облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте жан-жақты айтылды.
 
Аймақ басшысы болжамды көрсеткіш бойынша биыл да суармалы су мәселесі туындайтынын ескертіп, ол бойынша алдын-ала нақты шаралар қабылдау үшін тиісті тапсырмалар берілгендігін атап өтті.
- Мен бұған дейін қоймаларды барынша су қорымен толықтыру, ол үшін канал, арықтарды тазалау, жер асты суларын тиімді пайдалану, ұңғымалар қазу секілді нақты тапсырмалар берген болатынмын. Дегенмен ол тапсырмалар ойдағыдай орындалуда деп айта алмаймыз. Биыл да су мәселесі туындайды. Тауға қар аз түсті. Бұл ретте менің жүктеген міндеттерімнің маңыздылығын айтпасақ та түсінікті. Ылғалды аз қажет ететін дақылдарға көңіл бөліңіздер. Қолда бар суды үнемді, тиімді пайдалану үшін қазірден арнайы кесте әзірлеп, бекіту керек. Қай аудан қанша жерге не егеді? Сол бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіңіздер, - деген аймақ басшысы аудандардағы жұмыстарды өзі барып тексеретінін баса айтты. Орынбасарлары мен тиісті басқарма басшыларына да әрбір канал мен қоймалардың, егістік алқаптардың жай-күйін көзбен көруді тапсырды.
Облыс әкімі судың далаға кетпеуін, қазірден жайылым, шабындықтарды суара беру керектігін жеткізді.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов баяндама жасап, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 741,2 мың гектарға орналастыру жоспарланып отырғандығын айтты.
- Судың түсу көлемі және ішкі су көздерінің толу көрсеткіші қажетті деңгейден төмен болған жағдайда 741,1 мың гектардың ішінде суды көп қажет ететін дақылдар суды аз қажет ететін дақылдармен алмастырылатын болады. 179,2 мың суармалы алқапта орналасатын дақылдарға талдау жасалынып, қажетті су көлемі есептелді. Су жиналу деңгейі өткен жылғыдай болған жағдайда «ҚазСуШар» мекемесінің теңгеріміндегі су қоймалары арқылы 1 млрд. 358,0 млн.м3 су беру жоспарлануда. Ал бүгінгі күнге төмен деңгейдегі су түсуін ескерсек 1 млрд. 148 млн.м3 сумен қамту көзделуде, - деді Е.Жиенқұлов.
 
 
 
 
28.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 99
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 109
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 340
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 567
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 515

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9217
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8613
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11839
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9609
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10822