Жамбыл облысында мыс концентратын өндіретін ірі кәсіпорын іске қосылды

Жамбыл облысында мыс концентратын өндіретін ірі кәсіпорын іске қосылды

Жамбыл облысында жылына 98,6 мың тонна мыс концентратын өндіруге қуатты Шатыркөл кен байыту фабрикасының техникалық іске қосылуы өтті.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриевпен бірге жаңа кәсіпорынның техникалық мүмкіндіктерімен танысып, аралап көрді.

Мыс концентраты өндірілетін фабрика қазан айының соңына дейін толық жобалалық қуатына шығады деп көзделуде. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 100 пайызға орындалып, техникалық тұрғыда алғашқы өнімдерін шығаруды бастады.

Ербол Қарашөкеев өңірде тау-кен өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, жобаның маңыздылығын атап өтті.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде бірқатар инвестициялық жобалар қолға алынып, ірі өндіріс ошақтары ашылуда.
Соның бірегейі, бүгін өздеріңіз көріп отырған мыс концентраты зауыты.

Кәсіпорында негізінен жергілікті халықты тұрақты жұмыспен қамтуға басымдық беріліп отыр. Билік тарапынан өндірістің үздіксіз жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсетілетін болады, — деді облыс әкімі БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Аймақ басшысының айтуынша, Жамбыл облысында 2024-2028 жылдары аралығында құны 2,5 трлн теңгені құрайтын 70 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. Ағымдағы жылы 228,4 млрд теңгеге 1 432 жұмыс орнын құра отырып, 19 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде 5 жоба шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асады.

Ал «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев өндірістің мүмкіндігінше қауіпсіз және экологиялық таза болатынын жеткізді.

- Өндірісте мыс кенін байытудың әлемдегі ең зиянсыз технологияларының бірі қолданылады. Шаң тұту тиімділігі 99 пайыз коэффициенті құрайтын заманауи аспирация жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады. Cонымен қатар өнімді тасымалдау көлемін азайту арқылы жолдағы шаң айтарлықтай төмендейді. Ал жақын елді мекендер кәсіпорынның әсер ету аймағынан 20 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан. Фабрикада технологиялық процестерді басқарудың жаңа автоматтандырылған жүйелері енгізіліп отыр. Бұл жұмыс тиімділігін арттырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға ықпал етеді,-деді басқарма төрағасы.

Бұл жобаны жүзеге асыруға 94 млрд теңге инвестиция салған. Фабрикада жылына 1,2 млн тонна кен өңделіп, 98,6 мың тонна мыс концентраты (мыс құрамы 24%) шығарылады деп күтілуде. Шикізат Шатыркөл және Жайсан кен орындарынан алынады.

Фабриканы соққан отандық «AAEngineering Group» ЖШС. Жаңа жоба бойынша 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Олардың 60 пайызынан астамы облыс тұрғындары болмақ.

Зауытта өрт сөндіру депосы, медициналық пункт, заманауи өрт дабылы, өрт сөндіру және бейнебақылау жүйесі қарастырылған.
Сонымен бірге ұсақтау-сұрыптау кешені, бас ғимарат, жатақхана мен асхана, зертхана, жөндеу-механикалық шеберхана, қалдық қоймасы және тағы басқа нысандар бар.

Айта кетейік, Жамбыл облысында тау-кен өнеркәсібі саласында 125 кәсіпорын жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 6 айында салада 54,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,8%-ға жетіп отыр. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 13,1% құрайды.

Жамбыл облысы әкімдігі
16.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 94
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 57
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 163
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 144
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 556
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 525
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 546
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 544
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 539
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 556
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 543

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9163
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12400
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10167
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11376