Жамбыл облысында ревматологиялық орталық ашылды

Жамбыл облысында ревматологиялық орталық ашылды
Соңғы уақытта бүкіл әлемде ревматикалық аурулардың жалпы және біріншілік жиілігінің жоғарылауының айқын тенденциясы байқалуда. Әлбетте, көбіне, бұл патологиямен егде жастағы адамдар зардап шегетін.
Дегенмен, соңғы кездері ол жастар арасында да кездесуде. Дер кезінде емделмесе, бұл ауру адамды мүгедектікке әкелуі ықтимал.
Елімізде бүгінде ревматологиялық науқастарға көмек көрсетуді жақсарту барынша жүзеге асырылуда.
Жамбыл облысында ревматологиялық орталықтың ашылуы — осындай мақсаттан туындап отыр.
Бүгін Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының базасында алғаш рет ашылған ревматологиялық орталықтың салтанатты ашылуына қатыстым. Өңір медицинасындағы оң өзерістердің нәтижелі болатынына және халық денсаулығын жақсартуға орталықтың үлкен септігі тиетінініне сенімдімін.
Ревматологиялық дертке шалдыққан жамбылдықтарға барынша жоғары және білікті медициналық көмек көрсетілетін болады. Бұл үшін барлық мүмкіндіктер жасалынған:
-Бұл орталық өңірдегі ревматологиялық ауруларды қамту, диагностикалау және емдеуді жақсартады. Пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін негізгі дәрі-дәрмектерді уақтылы тағайындау үшін пациенттердің динамикалық мониторингі ұйымдастырылады. Ол физиотерапия және жаттығу терапиясының әдістерін қолданып, науқастарға мүгедектіктің алдын алуға көмек көрсетеді. Тәулік бойы жұмыс істейтін және күндізгі стационарлардан бөлек, емделушілерге тексерілу, кеңес алу және емдеу мүмкіндігін беретін амбулаториялық қызмет кеңейеді.
Орталықтың құрылымында – консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуге арналған ревматолог кабинеті, гендік-инженерлік биологиялық терапия кабинеті (ГИБТ), буынішілік манипуляциялар кабинеті, капилляроскопия, денситометрия орналасқан.
Медициналық көмекті 4 дәрігер көрсетеді. Айта кетейін, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде емхананың жолдамасы бойынша ревматологиялық орталықта тексеру және емдеу тегін жүргізіледі.
Облыс бойынша ревматологиялық диагнозбен 4825 науқас диспансерлік есепте тұрады, оның ішінде құрылымында негізгі бөлігі бойынша остеоартроз – 1656, серонегативті ревматоидты артрит – 1142, серопозитивті ревматоидты артрит – 985, жүйелі қызыл жегі ауруымен (системная красная волчанка) басқа реактивті артропатия 142 пациент.
Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының құрамынан ашылған орталықтың негізгі бағыты – аутоиммундық аурумен ауыратын науқастардың өмір сүру жағдайын жақсарту, заманауи инновациялық әдістерді енгізу арқылы ревматологиялық есептегі науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту және мүгедектіктің алдын-алу.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, отандық фармациялық өнімді қолдау үшін Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы Қарағанды фармацевтикалық кешенімен бір жыл бұрын меморандумға отырған болатын. Бүгінде аурухана аталмыш заводтың шығарып жатқан гендік инженерлік биологиялық препараттарын қолданып, аутоиммундық ревматологиялық ауруларды емдеуде.
Пациенттердің кері байланысына сүйенсек, ол — оң динамикалық өзгерістер беруде. Айта кетейін, бұл биогенді әдіс — адам ағзасына қауіпсіз, әрі тиімді болып табылады.
Жанар Оспанова, Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы
24.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 320
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 313
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 936

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9009
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8404
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11630
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9388
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10614