Жамбыл облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың алдын алу мақсатында мобильді топ құрылады

Жамбыл облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың алдын алу мақсатында мобильді топ құрылады

Жамбыл облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың алдын алу мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленді. Облыс әкімі  Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте аталған жоспардың алгоритмі қаралып, іске асыру барысы талқыланды.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев көлеңкелі экономикамен күрес, оның ішінде жер қойнауын пайдаланудағы заңсыз әрекеттер туралы баяндады.

Өңірде барлығы 289 жер қойнауын пайдалану обьектісі бар. Атап айтқанда, қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналған 110, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша 179 келісімшарт пен лицензия бар.

Ағымдағы жылы келісімшарттағы ішінара міндеттемелерді орындамаған 38 жер қойнауын пайдаланушыға бұзушылықты жою туралы хабарлама жіберілді. 11 жер қойнауын пайдалану келісімшарты, лицензиясы мен рұқсаты кері қайтарылды.

Басқарма басшысының айтуынша, жер қойнауын заңсыз пайдаланудың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелеп, арттыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары әзірленді.

Жоспарға сәйкес Тараз қаласы мен аудандарда мобильді топ құрылады. Топ мүшелері жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілеріне күнделікті мониторинг жүргізіп, құқықбұзушылықтарды анықтайды. Жер қойнауына келтірілген залал, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда құзырлы органдар заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қолданады.

Топ құрамына ауылдық округ әкімі, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімдерінің жауапты мамандары, ішкі істер департаментінің өкілдері және қоғам белсенділері кіреді.

Ербол Қарашөкеев жер қойнауын пайдалану бойынша кәсіпкерлермен жасалған келісімшарттағы міндеттемелердің орындалуына толық талдау жүргізуді, заңсыз жер қойнауын пайдалануды анықтайтын мобильді топтарды құру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сонымен бірге жер қойнауын заңсыз пайдаланып жүрген тұлғаларға қатаң шара қабылдап, ұсынылған іс-шаралар жоспарын бір апта мерзімде қайта қарап, ұсыныстар беруді сұрады.

Басқосуда күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Сматов, мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының міндетін атқарушы Сағынтай Айтжанов, геология инспекциясының басшысы Асқар Құндызбаев, Шу-Талас бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Нұрболат Рахымбердиев сөз сөйледі.

Жамбыл облысы әкімдігі
01.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 34
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 925

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8998
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8393
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11618
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9376
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10602