Жамбыл облысындағы Тұрымқұл ауылы сапалы ауыз сумен қамтылды

Жамбыл облысындағы Тұрымқұл ауылы сапалы ауыз сумен қамтылды

​Тәуелсіздік күні қарсаңында Талас ауданы Тұрымқұл ауылында ауыз су жүйесі іске қосылды.​Салатанатты шараға аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.

​- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл халқы сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Жалпы биыл ауданда 7 ауылдық елді мекенге ауыз су желісін тарту жоспарланған. Жыл соңына дейін 5 елді мекенге ауыз су кезең-кезеңімен беріледі. Қалған екі жоба келесі жылға өтпелі, – деді аудан әкімі.

​Тұрымқұл ауылында 230-ға жуық халық тұрады.

​- Мерекеге орай таза ауыз суға қол жеткізіп, мерейіміз тасып отыр. Бұған дейін құдықтан су тартып, әбігерге түсетінбіз. Таза ауыз су – ұлт саулығының кепілі! Барша ауылдастарымды ортақ қуанышпен құттықтаймын! – деген ауыл қариясы Тұрсан Бастаубаев көпшілікке ақ батасын берді.

​Айта кетейік, биыл Жамбыл облысындағы 37 ауылдық елді мекенге (АЕМ) тіршілік нәрі тартылады. Оның ішінде 22 АЕМ-ге ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу, 15 АЕМ-ге кешенді блок-модуль орнату жоспарланған. Нәтижесінде жыл соңына дейін халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 98,1 пайызға (2023 ж. — 94,9%) жетеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
15.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 377
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 378

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20687
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20480
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35580
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34137
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38005