Жамбыл облысының дәрігерлері Түркия Республикасының Стамбул каласындағы “МEDIPOL” клиникасында 2023 жылдың 27 ақпаны -10 наурыз аралығында кәсіби біліктіліктерін арттырып келді.Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау 003 бағдарламасы арқылы оқытылды (жергілікті бюджет). Біліктілігін арттырғандардың жалпы саны — 16 дәрігер. Олар: кардиолог, терапевт, аритмолог, хирург және нейрохирургтар. Яғни, облыстық көп бейінді, қалалық көп бейінді, облыстық көп бейінді балалар ауруханасы, Талас, Шу, Меркі, Жуалы және Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханаларының дәрігерлері оқыды. Дәрігерлер күнделікті “МEDIPOL” клиникасының нейрохирургия және кардиология, кардиохирургия бөлімдерінде біліктіліктерін арттырды. Клиника базасында олар профессор Билал Бозтосун қатысуымен жоспарлы және шұғыл оталарға катысып, түрлі диагностикалык зерттеулер жургізді. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі және жіті коронарлы синдром, туа біткен журек акауларына, жүрек ырғағы бұзылысына, КАГ коронарографиялык зерттеруледі диагностика және емдеу мақсатында стент орнатуға қатысты. Жүрек тамырларына стент орнатудың жаңаша әдіс-тәсілдерін тәсілдерін үйреніп келді. Алдағы уақытта аймақ дәрігерлері үйренгендерін өз іс-тәжірибелерінде пайдаланатын болады.