Жамбыл облысының мектептеріне 14 жаңа автобус берілді

Жамбыл облысының мектептеріне 14 жаңа автобус берілді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі бірқатар білім ошақтарына 14 жаңа автобустың кілтін табыс етті. Олар Тараз қаласы мен Жамбыл, Меркі, Шу, Жуалы, Қордай, Т.Рысқұлов аудандарындағы мектептерге берілді.

Жалпы, су жаңа автобустар заманауи талаптарға сай. Атап айтқанда, қауіпсіздік белдіктерімен, рюкзактарға арналған сөрелермен және есік ашылған сәтте қозғалысты бұғаттау механизмімен жабдықталған.

Сондай-ақ, барлық автобустар ерекше балалардың кіріп-шығуына арналған пандус қондырғыларымен қамтылған.

Төрт автобус 22 орынға, 10 автобус 38 оқушыға арналған. Балалар тасымалына арналған қоғамдық көліктермен оқушылар аудандық және облыстық деңгейдегі түрлі жарыстарға да қатынайтын болады.

Жамбыл облысы әкімдігі
23.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 683
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 844

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19611
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19422
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34546
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33110
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36929