Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр

Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр

800 мыңнан астам облыс тұрғындары қатысқан көктемде басталған экологиялық акция дәстүрлі түрде күзгі тазалық айлығымен жалғасын табуда.

Облыс орталығы Тараз қаласында «Күзгі тазалық» эко акциясы шеңберінде «Сәби қоры» атындағы саябақ қоқыстардан тазартылды.  Экологиялық акцияға қатысушылар шашылып жатқан қалдықтар мен қоқыстарды жинап, арнайы орынға апарып төкті.

«Қала ажарын тек әсем ғимараттары ғана емес, тазалығы да ашары сөзсіз. Тазалыққа жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Егер әркім өз ауласын таза ұстап, қоқыстардан тазалап жүрсе, қоршаған ортаға оң әсерін тигізері анық. Акция нәтижесінде Тараз қаламыз тек терең тарихымен ғана емес, тазалығымен де мақтанарлық шаһарға айналатынына сенемін. Осындай шаралар өскелең ұрпаққа эколгиялық мәдениетті қалыптастыруға зор септігін тигізеді», - деді сенбілікке қатысушы эко-волонтер Ерхан Мелдебек.

Күзгі тазалау жұмыстарынан өңір жастары да тыс қалған жоқ. Бұл күні жастар «Таза қала» ұранымен Қ. Рысқұлбеков атындағы саябаққа тазалық жұмыстарын жүргізді.

Акция аясында аталған бағыттағы тазалық жұмыстары облыстың барлық аудандарында өткізілді. Атап айтқанда, шара саябақтар мен скверлерде, көпқабатты тұрғын үйлердің маңында, демалушылар көп жиналатын орындарда жалғасты.

Байзақ ауданында ТЖД және «ҚазТрансАймақ» мекемесінің өкілдері аудан тұрғындарына алдын алу профилактикалық шарасын өткізсе, осындай түсіндіру жұмыстары Жамбыл және Талас ауданында жалғасын тапты. Жуалы ауданында мектеп оқушыларымен «Таза Қазақстан – таза әлем» атты семинар, Қордай ауданында «Таза Қазақстан» атауымен «Береке» колледжінің студенттерімен,  Меркі ауданында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Мойынқұм ауданының жастарымен «Тазалық өзіңнен басталады» челленджі өткізілсе, Сарысу ауданы Жаңатас қаласында «Даңқ» монументінің айналасы, Т. Рысқұлов ауданында адамдар көп жүретін «Ардагерлер» саябағы күл-қоқыстардан тазартылды.

Шу ауданында №10 колледж студенттерімен кездесу өткізіліп,  депутаттардың қатысуымен жастарға алдын алу шарасы жүргізілді.

Бүгінгі күнге акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 132,5 мың аулалар мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 23 265 тонна қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылды.

Бұл жұмыстарға жалпы 1016 бірлік техника қатысты.

 

31.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 64
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 588
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 703
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 617
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 627

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8764
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8163
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11392
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9146
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10377