Жамбыл жырлаған эпос жапон тіліне аударылды

Жамбыл жырлаған эпос жапон тіліне аударылды

«Қыз Жібек» жырының Жамбыл Жабаев жырлаған нұсқасы жапон тілінде жарық көрді. Туындыны аударған Жапонияның фольклортанушылар қауымдастығы мен Еуразия Жазушылар одағының мүшесі Шарафат Жылқыбаева.

«Бұл қазақтың салт-дәстүрін ғана емес, жалпы Орта Азияның мәдениетін танытатын құнды шығарма. Кітаптан Қазақстанның көркем табиғатын, көшпенділердің байырғы тұрмыс- тіршілігін танып-білуге болады», деді еңбекке пікір жазған Хоккайдо университетінің Құрметті профессоры Такэда Масанао.

Кітаптың алғысөзінде қазақ фольклоры мен жыршы-жыраулар туралы мәлімет беріліп, «Қыз Жібек» эпосының жиналып-зерттелу тарихы баяндалған. Сондай-ақ, Жамбыл жырау шығармашылығы мен қазақтың жыраулық дәстүрінің ерекшеліктері, эпостардың қазақ мәдениетіндегі орны жайында жазылған.

Кітаптың соңында эпоста кездесетін этнографиялық терминдердің түсініктемесі берілген. Кітап Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ағымсалы Дүзелхановтың қылқаламынан туған «Қыз Жібек» топтамасындағы суреттермен безендірілген. Эпостың түпнұсқасы Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде сақталған.

 

 

Мавлида АБДУЛСАТТАРҚЫЗЫ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті.
01.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 451
«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 443

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20770
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20554
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35668
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34210
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38082