Жамбылда 12 мыңнан астам оқушы жүзуді үйренді

Жамбылда 12 мыңнан астам оқушы жүзуді үйренді
Былтыр Жамбыл облысы аумағында 3 бала суға кеткен болатын. Бала өліміне жол берген және жұмысқа немқұрайлы қарағаны үшін мектеп директорларына тәртіптік шаралар қолданылды. Балалардың қаза болуының негізгі себептері олардың су айдындарының жанында ата-аналардың қарауынсыз қалуы, өз күштерін асыра бағалау мен жүзе алмауы болып отыр.
 
✅Осыған орай, өңірдегі 444 мектепте «Судағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында ақпараттық түсіндіру парақтары таратылып, арнайы стендтер ілінді.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брфингінде жергілікті білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов мәлімдеді.
Ол облыс аумағындағы су айдындарында келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында білім бөлімдерінің жауапты мамандарымен онлайн форматта оқыту семинары ұйымдастырылғанын жеткізді.
❗️Осы бағытта 25 сәуірден 25 мамырға дейін барлық білім мекемелерінде дәстүрлі түрде акция өтіп жатыр.
©️©️©️
«Сонымен қатар, жазғы демалыс мезгілінде, аудандар мен Тараз қаласында орналасқан меншік нысанына қарамастан демалыс орталықтары мен бассейн егелерімен келісім-шарттар жасалып, 5 мыңнан астам оқушы жүзуді үйретумен қамтылатын болады. 7, 8 және 12 мамыр күндері білім мекемелерінің еріктілері Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірлесіп, Талас өзенінің жағалауында және Тараз қаласында орналасқан демалыс орындарында рейд ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аймақта 12380 оқушы жүзуге үйрету шараларымен қамтылды», – деді Талғат Салқанұлы.
Спикердің айтуынша, алдағы уақытта балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда олардың өмірі мен денсаулығын, судағы қауіпсіздігін қадағалау жұмыстары жалғасатын болады.

 

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі
16.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 53
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 162
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 162
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 306
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 306
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 526
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 478

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9181
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8580
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11808
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9577
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10788