ЖАМБЫЛДА 237 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ҮНЕМДЕЛДІ

ЖАМБЫЛДА 237 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ҮНЕМДЕЛДІ
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аймақтағы департаментінің превенция басқармасының басшысы Дәурен Омаров айтты. Оның мәліметінше, есептік кезенде 6 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілген. Жемқорлық тәуекелдері әлеуметтік маңызы зор балалар спорты мен шығармашылығын жан басына нормативтік қаржыландыру саласында, жол салу бағыты, миграция қызметі, мемлекеттік сатып алуда орын алған.
©️©️©️
«Балалар спорты мен шығармашылығын жан басына нормативтік қаржыландыру саласына келетін болсақ, жүргізілген мониторингпен аталған саладағы нормативтік-құқықтық актілерінің реттелмегенінің көрсетті. Биыл өңірде мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты іске асыру үшін 500 млн. теңге қаражат бөлінген. Алайда, бақылау мен шектеулердің жоқтығынан өтінімдер саны ұлғайып, тиісінше 3,3 млрд. теңге қаражаттың бөлінуі керек екені анықталды. Осы орайда, біз күнделікті «Сатып алудың бірыңғай терезесі» арқылы мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізетінімізді айта кетейін. Мониторингпен жолданған ұсыныстар негізінде мемлекеттік органдарының сатып алу жоспары қайта қаралып, 237 млн. теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді», — деді спикер.
Дәурен Даниярбекұлы әкімшілік құқық бұзулар бойынша 12 хаттама толтырылып, 4,1 млн. теңгеден аса айыппұл салынғанын да жеткізді.
 
Өңірлік коммуникациялар қызметі
26.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5269
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5428
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20393
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19027
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22491