ЖАМБЫЛДА БИЫЛ 7 АУЫЛДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

ЖАМБЫЛДА БИЫЛ 7 АУЫЛДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Ерлан Қыдыралыұлы айтты. Ол Жұма ауылы жерасты су қоры қорытындысы облыстық энергетика басқармасы тарапынан ұйымдастырылатындықтан, жобалық құжаттарын әзірлей алмай отырғандарын да атап өтті. 2024-2025 жылдары «Ақбұлақ» бағдарламасымен Өрнек, Ерназар ауылдарының ауыз су мұнараларын жаңғырту жұмыстары жүргізілмек.
©️©️©️
«Ауданда 42 елді мекеннің 29-ы табиғи газ жүйесімен қамтылған. Магистральды газ құбырының құрылысы аяқталса, тағы 9 ауыл газбен қамтылады. Осы магистральды газ құбырын аяқтау үшін қосымша 306 млн теңге қажет. Қалған 3 елді мекенді газбен қамту үшін аудан тарапынан жобалық құжаттарын әзірлеуге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, биыл аудандық маңызы бар 9,6 шақырым жол жөнделіп жатыр. Соңғы үш жылда ауылдардағы жалпы ұзындығы 147,8 шақырымды құрайтын 178 ауылішілік көше жөндеуден өтті», – деп атап өтті спикер.
Аудан әкімі «Ауыл – ел бесігі» жобасымен 592,8 млн теңгеге 11 ауылдың 39,2 шақырымды құрайтын 39 ауылішілік көшесі жөнделгенін, биыл 16 елді мекеннің 40,7 шақырым болатын 37 көшесі жөндеуден өтетінін жеткізді.
 

 

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі
25.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5205
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5363
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20328
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18964
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22427