ЖАМБЫЛДА ДӘРІГЕР ТАПШЫЛЫҒЫ ЖЫЛ САНАП ШЕШІЛІП КЕЛЕДІ

ЖАМБЫЛДА ДӘРІГЕР ТАПШЫЛЫҒЫ ЖЫЛ САНАП ШЕШІЛІП КЕЛЕДІ
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде аймақтағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет қалиев айтты. Ол республикалық бюджет қаражаты есебінен 2 млрд теңгеге 1 дана «Сызықты үдеткіш» сатып алынғанын да жеткізді. Нәтижесінде, облыс бойынша медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету 88,4%-ды құрап, 0,3%-ға өскен.
©️©️©️
«Негізгі әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштердің жағдайына тоқталсақ, табиғи өсім көрсеткіші 3%-ға өссе, туу көрсеткіші 7,6%-ға артты. Жыл басындағы 4 айда туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 6,9%-ға төмендеді. Қан айналым жүйесінен өлім-жітім көрсеткіші 17,4%-ға кеміген. Жалпы өлім-жітім өткен жылмен салыстырғанда 5,2 пайызға азайған. Сонымен қатар катерлі ісік ауруларының көрсеткіші 7 пайызға кеміді. Аймақта 11 жылжымалы медициналық кешен бар. Оның 3-еуі – КАМАЗ мамандандырылған көліктері, 8-і – автобустық мамандандырылған көліктер, үзіліссіз жұмыс істеуде. Жыл соңына дейін 322 елді мекенді қамту жоспарланған. Қазірдің өзінде 102 953 адамды, оның ішінде 26 481 баланы тексеруден өткізді», — деді басқарма басшысы.
Әсет Әскерұлы өңірге 24 жалпы практикалық дәрігер жетіспейтінін де мәлімдеді. Биыл өңірге 16 резидент, жұмысқа бөлу комиссиясымен 80 жас маман келеді, зейнеталды және зейнет жасындағы дәрігерлер мен кадрлардың ауысуын есепке алғанда орта есеппен 2023 жылы дәрігер тапшылығы 107 бірлікке төмендейді екен, осы есеппен 2024 жылы 63, 2025 жылы 31 бірлікке түседі.
©️ Өңірлік коммуникациялар қызметі
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 193
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 189
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 301
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 520
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 473

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9176
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8574
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11802
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9572
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10782