Жамбылда мал төлдету науқаны жүріп жатыр

Жамбылда мал төлдету науқаны жүріп жатыр
Жамбыл ауданында мал төлдету науқаны жоспарға сай өтуде. Қыстан қысылмай шыққан шаруалардың төрт-түлігі көкке ілінді.
📍Жамбыл ауданында 325971 бас қой-ешкі бар десек, оның 283270 басы күйекке түсіп, бүгінде 198289 бас аналық саулық төлдеп үлгерді.
🔹Бұл жұмыстардың барысын аудан әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұлов назарға алып, шаруалардың жұмысын арнайы көріп қайтты.
🔹Алдымен аудан әкімінің орынбасары “Күйік 2” шаруа қожалығына барып, уақ малдардың жағдайымен танысты. Рина Артықбаева басшылық ететін қожалықтағы 1000 бас уақ малдың 620-сы саулық. Ол саулықтар бүгінде толықтай төлдеп, көктемнің көгіне іліккен. Ілкімді жұмыстарды жүйелендіре білген шаруа қожалық жетекшісі мал санын арттыруға ниетті екенін жеткізді.
🔹Өз кезегінде Ербол Жұмабекұлы малға қажетті екпе, сырғалау жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.
🔹Сондай-ақ “Әулиебастау” шаруа қожалығындағы 1600 уақтың 960-ы төлдеген. Аудандық ветеринария стансасы бүгінде екпе егу және сырғалау жұмыстарын жүргізуде.
✅Аудан әкімінің орынбасары мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы айтып, шаруалардың талап-тілегіне назар аударды.
Жамбыл облысы әкімдігі
03.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5051
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5215
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20176
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18820
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22274