Жамбылда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебі» аясында облыстық семинар өтті

Жамбылда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебі» аясында облыстық семинар өтті

Семинардың ашылу барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары м.а. Қ.Байгебаев және Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Е.Байболат арнайы сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларды белсенді болуға, семинардан барынша ақпарат алуға шақырды.

​Семинарға республикалық деңгейдегі сарапшылар қатысып, тәжірибесімен бөлісті. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің сарапшысы А.Айдарханов комплаенс бағдарламасын құру әдіс-тәсілдері аясында баяндама жасаса, ҚР Энергетика министрінің комплаенс жөніндегі кеңесшісі, Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығының төрағасы Д.Акшалов және «Фридомтелеком» АҚ комплаенс офицері Д.Тулин мекемедегі комплаенс тәуекелдерін басқару тетіктеріне тоқталып өтті.

​Сондай-ақ, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының профессоры Б.Ахметов комплаенс қызметінің саясатын егжей-тегжейлі түсіндірсе, Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы Б.Кабашев мемлекеттік сатып алу процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жолдарына тоқталып өтті. Сонымен қатар, Жамбыл облысының жобалық басқару және цифрландыру орталығының  басшысы Г.Ташенова жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде №4 Үлгілік базалық бағытын іске асыру барысын таныстырып өтсе, өзге сарапшылар күн тәртібіне сәйкес маңызды тақырыптар аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Тараз қаласы мен аудандардан қатысқан 80-ге жуық қатысушыға әдістемелік бағыт-бағдар беріліп, іс-шара нәтижесі бойынша арнайы сертификаттар табысталды.

Семинарға сондай-ақ, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалы, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Семинар Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының  мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.

13.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 82
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 85
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 193
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 197
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 411
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 373
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 993

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9069
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8467
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11693
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9455
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10673