Жамбыл ауданында былтыр 53,5 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Ал, жыл басынан бері бұл көрсеткіш 6,2 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар, биыл 58 466 гектар әртүрлі дақылдар егілді. Оның ішінде 4 400 гектар күздік, 13 100 гектар жаздық бидай, 1 810 гектар жүгері, 3 020 гектар майлы дақылдар, 700 гектар қант қызылшасы, 595 гектар картоп, 8 835 гектар көкөніс, 740 гектар бақша, 25 266 гектар мал азығы (шөп) бар.




«Ал, 84 жылыжай 8,02 гектарды алып жатыр, бірақ жұмыс істемейді. Себебі қатты жел салдарынан істен шыққан. Жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Ауданда жалпы алаңы 42 400 шаршы метрді құрайтын 113 қойма тіркелген. 2023-2025 жылдары жеміс және көкөніс сақтайтын 4 қойма салу жоспарлануда, олардың жобалық қуаты 1 560 тонна, жобалық құны 145,3 млн теңге болады», – деді ол.
