ЖАМБЫЛДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕР КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ШЕФТІК ҚАМҚОРЛЫҒЫНА АЛЫНУДА

ЖАМБЫЛДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕР КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ШЕФТІК ҚАМҚОРЛЫҒЫНА АЛЫНУДА
 
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында аймақтағы білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов айтты. Ол биыл табыс табуға бағытталған 8 колледж шамамен 41 млн. теңге пайда көретінін атап өтті. Сонымен қатар, колледждерді ірі кәсіпорындарға шефтік қамқорлыққа беру жұмыстары қолға алынып жатыр. Бүгінге 18 колледж «Казфосфат», «Имсталькон», «Палацио» кәсіпорындарымен, «Шәушен» ірі шаруа қожалығымен 3 жақты меморандумдар жасаған.
©️©️©️
«Шефтік қамқорлыққа алынған колледждерге кәсіпорындар тарапынан материалдық, тәжірибелік-әдістемелік қолдаулар көрсетілуде. Мысалы, «Казфосфат» ЖШС тарапынан Жаңатас көпсалалы колледжіне студенттермен тау-кен қазба жұмыстарын ұйымдастыру үшін 4 гектар жер телімі бөлініп, тәлімгер шеберлер бекітілді. «Шәушен» шаруа қожалығы тарапынан Құлан агротехникалық колледжіне жобалық құны 12 млн теңгені құрайтын оқу-өндірістік мал ұстау базасын салу жұмыстары басталды. 2025 жылға дейін меншік нысанына қарамастан барлық колледждер шефтік қамқорлыққа берілетін болады», – деді спикер.
Талғат Салқанұлы 2021-2022 оқу жылында 37 колледждегі 57 мамандық бойынша оқытудың дуалды жүйесі енгізіліп, оған 5 610 студент қамтылғанын жеткізді. Дуальды оқыту жүйесі бойынша 260 әлеуметтік серіктестермен 5 610 үшжақты келісім-шарт жасалған. 2021 жылы дуалды оқыту жүйесімен оқыған 1 486 білім алушы жұмыспен қамтылған.
Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі
07.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5328
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5485
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20453
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19084
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22546