”Баласағұн” ОКЗ-да белгілі ақын, жыршы, сазгер Аяз Бетбаевты еске алу кеші өтті. Еске алу кеші «Шу» халық театрының театрландырылған қойылымымен басталды. Іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, ҚР Мәдениет қайраткері Бейбіт Шошабаев, «Шу» халық театры, «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі, облыстық дәстүрлі өнер байқауының жүлдегерлері, көрермендер, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты. Аяз Бетбаевтың «Ата-бабаларды еске алу», «Кененге арнау», «Жұлынған гүл», «Қадірлейік достарды», «Тәрбие» т.б. термелері орындалды. Кешті қазақтың ұлттық терме өнерін насихаттау, Аяз Бетбаевтың шығармашылығын дәріптеу, халық арасында ұлттық мұрамызға және рухани құндылықтарымызға деген қызығушылықты арттыру мақсатында Облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды. Нұржан Календеров Аяз Бетбаевтың шығармалары тыңдармандарымен бірге жасай беретін айтып, оны насихаттауға үлес қосып жүрген Бейбіт Шошабаевты облысқа сіңірген еңбегі үшін белгісімен марапаттады. Шара соңында облыс әкімінің және Қордай ауданы әкімінің “Ықылас гүлі” ұсынылды.