Биылғы 1 қаңтар мен 22 мамыр аралығында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 5 339 жағдайы тіркелсе, пандемия басталғаннан бері 26 783 адам індетке шалдықты. Өңір 9 ақпаннан бастап жасыл аймақта. Халықты вакцинациялаудың арқасында COVID-19 ауруының эпидемиологиялық жағдайы тұрақтанды. Енді тұрғындардың ұжымдық иммунитетін сақтау қажет.




«23 мамырдағы жағдай бойынша тұрғындардың 65%-ы (755 462 адам) індетке қарсы екпемен 2 рет қамтылды, 86%-ы (367 345 адам) қайта егілді. Облыстың егу бекеттерінде «Комирнати», «ВеросельСинофарм», «Казвак» вакциналары бар. Вакцина өзінің тиімділігін дәлелденді. Біріншіден, ол инфекцияның ауыр ағымы мен асқынуын болдырмайды. Екіншіден, вакцинацияланғандарды ғана емес, сонымен бірге олардың айналасындағыларды да қорғайды, ұжымдық иммунитетін қалыптастырады. Үшіншіден, иммунизациядан кейін алынған вакцинация паспорты ел ішінде жүріп-тұруды, сондай-ақ одан тыс жерлердегі қозғалысты, саяхаттауды айтарлықтай жеңілдетеді», — деді спикер.
