Жан DoStar: бір аспан астында

Жан DoStar: бір аспан астында

 Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының өмірге келгеніне 30 жыл толады. Осы айтулы датаға орай ел көлемінде әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, татулық пен достықтың бірегей үлгісін көрсетіп келе жатқан ұйымның қызметіне жан-жақтылы қолдау көрсетіліп жатыр.

Сәуір айының басында Астанадағы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери-тарихи мұражайында ҚХА-ның 30 жылдығына орай «Жан DoStar: бір аспан астында» атты VIII Республикалық өнер фестивалі болып өтті. Шарада сонымен қатар жас мемлекеттің қалыптасу, көркею жолында ҚХА-ның атқарған қызметі мен Қазақстан қоғамында бірлік пен татулықты, мәдениетаралық диалогты ілгерілетудегі үлесі аталып өтті.

Аталмыш фестиваль 2022 жылдан бері қарай дәстүрлі түрде өтіп келеді. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, 3 жыл ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен төрт мыңға жуық талантты бала қатысыпты. Ал кезекті рет өткен VIII Республикалық өнер фестиваліне еліміздің әр өңірінен 500-ге жуық адам қатысқан екен.

Мерекелік шараға  Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов және этномәдени бірлестіктер мен ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
17.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6661
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6787
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21771
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20383
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23873