23 қыркүйектен бастап Оралдағы Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайдан Орал - Қарағанды бағыты бойынша рейс іске қосылады.
Бұл туралы Орал әуежайының баспасөз қызметі хабарлады. Енді оралдықтар еліміздің кеншілер астанасы — Қарағандыға SCAT әуе компаниясының 50 орындық Bombardier CRJ-200 ұшақтарымен қатынай алады. Екі қаланың арасындағы әуе қатынасы аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері жүзеге асырылады.
Жаңа рейстер Батыс және Орталық Қазақстан арасындағы әуе қатынасының мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге, жолаушылардың ыңғайлылығын және өңірлер арасындағы іскерлік, туристік және мәдени байланыстарды қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ұшақ билеттерін аталған әуе компаниясының сайтынан және әуе билеттерін сататын онлайн сервистерден алуға болады.
Ләззат ҚАЖЫМОВА
БҚО Орал қаласы