Жаңа оқу жылында – жаңа мектептер

Жаңа оқу жылында – жаңа мектептер

Атырауда жаңа оқу жылында «BINOM» және «Келешек мектептерінің» саны артады. Қазір өңірде 17 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтеріп жатқан білім ошақтары мен жаңа «BINOM» мектебі бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Атырау облыстық білім беру басқармасының бас маманы Ренат Жалмұхановтың мәліметінше, төрт мектепті 2026-2027 оқу жылының басында пайдалануға беру жоспарланған. Олардың екеуі Құрманғазы және біреуі Жылыой аудандарында салынып жатқан «Келешек мектептері» болса, тағы бірі – Атырау қаласындағы Драма театр аумағында бой көтеріп жатқан 2000 орындық «BINOM» мектебі.

Жалпы, 2023-2025 жылдарға арналған жоспар бойынша өңірде тоғыз «Келешек мектебін» салу көзделген. Бүгінде олардың алтауы ел игілігіне берілді. Атап айтқанда, Водниково және Береке ауылдарындағы 1200 орындық екі мектеп, Сарыөзек ауылындағы 300 орындық және Жұлдыз-2 ықшам ауданындағы 900 орындық, Ақсай-2, Жұлдыз-3 ықшам аудандарында мектеп жұмысын бастады.

Мамандардың айтуынша, жаңа білім беру нысандарының іске қосылуы оқушы орындарының тапшылығын азайтып, үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар заманауи мектептер сапалы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға жол ашады.

 

А. ХАМИТТЕГІ
12.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25935
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25380
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42784
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38614
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43181