ЖАҢА ЗАУЫТ САЛЫНАТЫН БОЛДЫ

ЖАҢА ЗАУЫТ САЛЫНАТЫН БОЛДЫ

Өткен аптада Саудакент ауылында «Yildirim Holding» компаниясының өкілдері  аудан тұрғындары және  ақсақалдарымен  басқосу өткізіп, Сарысу ауданында кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асыру мәселесін талқылады.

Кездесуде аудан әкімі М.Сұлтанғалиев сөз сөйледі.

-Құрылыс барысында негізінен жергілікті тұрғындардан 2000-ға жуық жұмысшы тартылады деп жоспарлануда. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 300 жаңа жұмыс орны және 2000 жанама жұмыс орны ашылады. ауданымызда электрик, дәнекерлеуші, аспазшы, жүргізуші тағы басқа мамандықтар бойынша мамандарды дайындаудамыз. Алға қарай жоспарлы түрде жұмыс жасап жатырмыз. Жаңа зауыттың өнімі үлкен сұранысқа ие болатынына сенімдімін,-деді.

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы А.Сейсебаев сөз сөйледі. Одан кейін Yildirim Holding-тің жетекшісі Исмаил Джейлан инвестициялық жоба туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

-Бірінші кезеңде тартылған инвестиция көлемі 400 миллион долларды құрайды. Қуаттылығы 500 мың тонна болатын бірінші кезең 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Кәсіпорын басшылығы жобалық қуатты жылына 1,2 млн. тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. 2000-ға жуық жұмысқа адам тартылады. Кәсіпорынға жергілікті мамандарды жұмысқа тартылатын болады.  Ол Қазақстан аумағында жүзеге асырылған басқа да жобаларды мысалға келтірді. Өнім тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар әлемдік нарықта да сұранысқа ие болады. Бұл іске кальцийленген сода өндірісінде қолданылатын жаңа технологиялармен жабдықтаймыз.Сонымен қатар, заманауи өндіріс толығымен қалдықсыз жүйеде жұмыс жасамақ. Қалдықтар қайта өңделетін болады.Аудан тұрғындарына әлеуметтік жағынан көмек көрсетеміз,-деді.

Кездесуге қатысушылар  компания жетекшісіне  «аудан тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсетіле ме? Экологиялық зиян келтіре ме және де жалақы мәселесі бойынша» тағы басқа  сұрақтар қойды.

Компания жетекшісі барлық жағынан компания тарапынан көмек көрсетілетінін жеткізді.

Сәулет Есқараев, Сарысу ауданы
28.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 97
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 107
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 339
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 340
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 567
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 514

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9217
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8613
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11839
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9609
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10822