ЖАҢА ЖЫЛ 2024: МЕРЕКЕЛІК ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

ЖАҢА ЖЫЛ 2024: МЕРЕКЕЛІК ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ
Аудан ажары бүгін ерекше сұлулана түскен. Жақындап келе жатқан мереке­нің дүбіріне қоса Жаңа жылға безендірілген шырша көрінісі балаларға мерекелік тамаша көңіл-күй сыйлап тұрды.
"Жаңа жыл – біздер, жастар, бүлдіршіндер асыға күтетін отбасылық мейрам. Сондықтан, біз балалар жақсы көретін мерекеде шыршаны орнаттық. Ендеше, жаңа жыл баршамызға жақсылық әкелсін!
Әрбір бастаған жұмыстарымыз табысты аяқталып, ынтымағымыз нығая берсін!" – деп аудан басшысы Нұрбол Әбдімәжитұлы лебізін білдірді. Мерекелік шарада Аяз ата мен ақшақарлар мерекелік шеру ұйымдастырып, ертегілер әлемінің әртүрлі кейіпкерлері балалармен ән шырқап, би биледі. Жарқыраған ойыншықтар мен жарықшамдар орнатылған.
Мұнымен қоса барлық деңгейдегі мәдениет және білім ұйымдарында түрлі форматтағы мерекелік концерттер өткізілуде. Бүгінгі аудан әкімінің жүзден аса балаға сыйлық таратып, жаңа жылдық шыршаға жиналу шарасы, салтанаты әсерлі өтті
Ата-аналармен балалар мәз-мейрам болып, ризашылықтарын білдіріп жатты.
Мақсат Арапұлы Қазанғапов, Талас ауданы білім бөлімінің басшысы
27.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 239
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 741
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 864
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 777

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8934
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8328
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11556
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9313
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10540