ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Өткен сенбі күні Жаңаарық ауылдық округіне қарасты Ұ. Сыздықбайұлы ауылында осы ауылдың тумасы, Сарысу аудандық өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары болған, ішкі қызмет майоры Каримов Ғазиз Аманжолұлын еске алуға арналған ересектер арасындағы үлкен футболдан аудандық турнир болып өтті.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
14 жылдан бері үздіксіз өтіп келе жатқан турнирдің маңыздылығына тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұдан кейін Сарысу ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері, білім беру саласының үздігі Жұмашбек Әділбеков, Ғазидың сынып жетекшісі Самат Қақуов, Ғазидың анасы Рысты Мысықбаева сөз сөйлеп, жарысты ұйымдастырушылар мен жарысқа қатысушыларға алғыстарын білдірді.
Ересектер арасында өткен жарысқа 9 команда қатысып, бақ сынады.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен, медальдармен және демеушілік танытқан Ғазиздың туысқандары мен сыныптастарының қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.
Шара барысында Ғазиз Аманжолұлының рухына бағышталып, Құран оқытылып, ас берілді.
Айта кету керек, осыдан 14 жыл бұрын Ғазиздың сыныптастары мен достары Ғазиздың атын есте қалдыру мақсатында өз қаражаттарына Ғазиз туып өскен ауылдан стадион жасақтап берген.
Жыл сайын ересектер арасындағы үлкен футболдан турнир тұрақты өткізіліп келе жатыр.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
20.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3954
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4138
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19073
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17745
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21174