Жаңалықтар Талас ауданында шағын 3 су қоймасын салу қарастырылуда

Жаңалықтар  Талас ауданында шағын 3 су қоймасын салу қарастырылуда

Талас ауданында шағын 3 су қоймасын салу қарастырылуда

Ағымдағы жылы ауданда кішігірім 3 су қоймасын салу жұмыстары қарастырылуда. Атап айтқанда, Қызыләуіт ауылдық округіндегі «Әбдірәсіләуіт», Тамдыда «Дулатбай» және «Көкиық» су қоймалары. Суды үнемдеу мақсатында қолға алынған жаңбырлатып, тамшылатып суару әдісін кейбір шаруа қожалықтары қолға ала бастады.

Бұл бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Суды үнемдеу үшін шаруалар осы әдісті меңгеріп, пайдаға жаратудың қаншалықты маңызды екенін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Мәселен, су үнемдеу технологиясы бойынша ауданда «Нұр-Дәулет» шаруа қожалығы 106 гектар жерді игеру үшін инвестициялық жоба бойынша 77,0 млн. теңгеге жаңбырлатып суару құрал-жабдығын және сусорғысын сатып алды.

Құрылғы өткен жылы құрастылып, сынақтан сәтті өтті. Сондай-ақ, Бостандық ауылдық округіндегі «Жаңалық» шаруа қожалығы 30 гектар егістік алқабын тамшылатып және жаңбарлатып суғару технологиясымен, ал Ойық ауылдық округіндегі «Береке» шаруа қожалығы 20 гектар егістік аумағын құбырлы құдық арқылы, сонымен қатар Тамды ауылындағы «Дін-Ислам» шаруа қожалығы 60 гектар көпжылдық шөпке жаңбырлатып суғару әдісін пайдаланды.

Жақсы іс жақынға жұғысты болады. Жаңа технологияның тиімділігіне көз  жеткізген өзге шаруа қожалықтары су үнемдеу әдісіне ниет білдіріп отыр. Мысалы, осы жылы жаңбырлатып суғару технологиясын пайдалану үшін Ақкөл ауылдық округіндегі «Бекен» шаруа қожалығы 42,2 млн. теңгеге, Аққұм ауылынан «Алмар» шаруа қожалығы 84,0 млн. теңгеге, Қызыләуіт ауылынан «Ынтымақ» шаруа қожалығы 15,0 млн. теңгеге жаңбырлатып суғару құралдарын сатып алу үшін қомиссия тарапынан оң шешімін тапты. Мәселе реттелсе, шаруаға шырай кіреді. Бітік өнім, тек жекеге емес, жалпыға ортақ олжа. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыс жүйелі жүрде жалғасын табатын болады.

 

Талас аудан әкімдігі
26.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 100
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 111
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 203
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 203
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 341
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 342
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 569
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 516

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9220
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8615
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11841
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9611
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10824