ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫНА 55 ЖЫЛ

ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫНА 55 ЖЫЛ
«Жаңатас» атауы геологтардың карталарына тұңғыш рет 1939 жылы белгіленді. Кен іздеушілер партиясы Жон аймағындағы Қаратау кен аймағынан бұрын барланған барлық кен көздерінен қорынан әлдеқайда артық фосфор қабаттарының қалың жынысы жатқандығын айқындады.
Жаңатастың фосфор байлығы 1939 жылы айқындалғанымен, оны иегеру 1964 жылы басталды. Сол жылы Жаңатас поселкесінің іргетасы қаланды.
1969 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы Указының 25 маусымдағы шешімімен Жаңатас жұмысшы поселкесі аудандық бағынысқа жатқызылатын қалалар қатарына жатқызылды. Қала статусын алып, Жаңатас қаласы құрылды.
Таулы, табиғаты қатал өлкеде қала қанат жайды. Жаңа заманның индустриялдық өзгерістері жалаңаш таулы алқапта, ыстық-суығы шарпысқан өңірде өз келбетін қалыптастырды.
1971 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы Указымен Жаңатас облыстық дәрежедегі қалалар қатарына ауыстырылды.
1978 жылы қаланың өндірістік объектілері Бүкілодақтық екпінді комсомолдық құрылыс болып жарияланды.
Еліміздің егемендік алуымен, тәуелсіздікке қол жеткізумен бірге тарихтың жаңа парақтары ашылды. Қоғам дамуының осы бір күрделі кезеңінде дербес дамудың дәмі қанша тәтті болғанымен де, осы сара жолға түсудің халық үшін қиындығы мен шырғалаңы аз болған жоқ.
1997 жылы Сарысу ауданы мен Жаңатас қаласы біріктірілді. Жаңатасқа аудандық бағыныстағы қала мәртебесі беріліп, Жаңатас Сарысу ауданының орталығы болды.
Биыл Жаңатас қаласының құрылғанына 55 жыл толып отыр.
Қазыналы Қаратаудың қойнауындағы жасампаз қаланың тірлігі еңбек пен шаттыққа толы. Ынтымақ пен татулықты ту етіп, еселі еңбектің үлгісін көрсетіп келе жатқан Сарысу жұртшылығы биылғы аудан орталығы Жаңатас қаласының 55 жылдық мерейтойын жақсы табыстармен, үздік жетістіктермен қарсы алатындығына сенім мол.
"Жаңатас қаласына – 55 жыл» айдарымен алдағы уақытта 55 жылдық тарихы бар Жаңатас қаласы туралы материалдарды әлеуметтік желіге салып отыратын боламыз.
Жас ұрпақ өткенді, Жаңатас қаласының жарты ғасырдан астам уақыт ішіндегі тарихын білу керек.
Өскелең ұрпақ бойына өз қаласының тарихын тани білуге деген құштарлығын ояту – біздің басты парызымыз.
Қолына қалам ұстаған, қаламгер аға-апаларымыз бен аудан тұрғындарынан Жаңатас қаласының тарихы, кешегі мен бүгінгісі, Жаңатас қаласының өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан тұлғалар, даңқты кеншілер, өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі болар қайраткерлер туралы құнды материалдарды күтеміз.
Сарысу ауданы әкімдігі
23.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 91
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 611
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 729
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 640
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 650

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8785
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8185
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11413
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9167
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10398