Жаңатас қаласында 12 көпқабатты тұрғын үй жаңғыртудан өтеді

Жаңатас қаласында 12 көпқабатты тұрғын үй жаңғыртудан өтеді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің аудандарға жұмыс сапары жалғасуда.

Кеше аймақ басшысы Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барып, Жаңатас қаласындағы бірқатар нысандарды аралады.

Қаладағы 5 шағын ауданындағы № 9, 10, 17, 18, көпқабатты үйлердің және 3 шағын аудандағы №23/1 мекен жайларында болған облыс әкімі бірқатар тұрғындармен кездесіп, өтініштерін тыңдады.

№9 көпқабатты үйдің тұрғындары үйлерін жөндеуден өткізуге, ауланы реттеуге, балалалар алаңшасын салуға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.

Ербол Қарашөкеев аудан басшылығына жаңғырту жұмыстарының жобалауда тұрғындардың өтінішін жіті назарға алу керектігін, құрылыс жұмыстары сапалы іске асу қажеттігін баса айтып, нақты міндеттер жүктеді.

Айта кетейік, Жаңатас қаласында биыл жаңғырту бағдарламасы аясында 12 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстары қолға алынады.

– Біз тек облыс орталығын ғана емес, аудан орталықтары мен шағын шаһарлардың да мәселелерін шешу жолдарын қарастыруға күш салуға тиіспіз. Тұрғын үйлерді жаңғыртуда тұрғындардың да сұранысы ескерілуі тиіс. Жергілікті тұрғындар өздерінің өзекті мәселелерін жақсы біледі. Аулаларды абаттандыру, балалар алаңшасын салу жұмыстары да кешенді түрде атқарылуы керек. Бос үйлерді жөндеп, ел игілігіне беру шаралары белсенді жалғасқаны маңызды,- деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Қаланың жылыту қазандығының жұмысымен танысып, ағымдағы жылыту маусымын кедергісіз аяқтап, келесі маусымға сапалы дайындық жүргізу керектігін ескертті. Шағын шағардың тұрғындарының жылумен қамтуға қатысты шағымдарының аз еместігін баса айтты.

Бұдан бөлек, Ербол Қарашөкеев «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесінің бос ғимараты және «Фосфорит» стадионын жөндеуден өткізіп, тиімді пайдалану мәселесіне де баса назар аудару қажеттігіне айрықша назар аударды.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі аудандағы сыйымдылығы 30 миллион текше метр болатын «Ынталы» су қоймасының жағдайымен танысты. Үш ауылдық округтегі 3 мың гектардан астам аумақты сумен қамтамасыз етуде негізгі нысанның жөндеу жұмыстарын жалғастыру қажет.  Су қоймасының жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтап, бөгетті нығайту шаралары мұнда жинауға болатын тиісті ылғал көлемін арттыруға  мүмкіндік береді.

Аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды бақылауға алатынын атап өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі
17.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 178
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 173
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 683
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 803
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 716

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8871
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8266
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11494
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9250
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10477