Жаңатас қаласындағы төтенше жағдай салдары толығымен жойылды

Жаңатас қаласындағы төтенше жағдай салдары толығымен жойылды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жаңатас қаласында орын алған төтенше жағдай зардаптарын жою бойынша атқарылған жұмыстарды көрді.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 7 шілдесінде Сарысу ауданы аумағында қатты жауын-шашын салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, 400 аула, 56 үй мен бір мектептің жертөлесін су басты.

Бүгінде қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды.

Залалды бағалау жөніндегі 4 арнайы комиссия құрылды. 3 тұрғын үй жарамсыз деп танылды. Нәтижесі бойынша 1 үйдің құрылысы жүргізіліп, екі отбасыға баспана сатып алынды.

Ал, 53 үй жөндеуден өтті.

63 тұрмыстық техника мен жиһаздың зақымдалғаны анықталды. Шығын көлемі 4,8 млн.теңгені құрайды.
600 үй мен ауласы дезинфекцияланды. 9 жарық бағанасы реттеліп, жаңадан бесеуі орнатылды.

Бұдан бөлек, бүлінген жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бірқатар көше арық және дренаж жүйесімен жабдықталды.

Ербол Қарашөкеев жаңатастықтардың хал-ахуалын көріп, қалпына келтіру жұмыстары бойынша пікірлерін тыңдады.

– Басымызға іс түскенде қолдауды сезіндік. Уәде етілген уақытта баспанаға ие болып отырмыз. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – дейді жаңатастық Смағұловтар отбасы.

Құрылыстың басы-қасында жүріп, жаңа баспанға ие болған ақ жаулықты ана Айткүл Құлжабайқызы батасын жаудырып, ел мен жердің амандығын тіледі.

Сондай-ақ, биыл Жаңатас қаласындағы 12 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу, жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Ербол Қарашөкеев құрылыс барысымен танысып, баспаналарды жаңғырту кезінде сапаға баса мән бере отырып, тұрғындар тілегін назарға алуды ескертті.

Бұдан соң қаланың жылыту маусымына дайындығын тексеру мақсатында орталық қазандыққа барды. Бүгінде қазандықты газдандыру жобасының құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. 4 дана Bosch су қыздыру қазандығы, 1 дана Bosch бу қазандығы орнатылды.

Сонымен бірге желілік сорғылар мен түтін құбыры толығымен жаңартылды.

Облыс әкімі тарихы терең «Саудакент» қалашығымен танысып, аудандағы жұмыс сапарын түйіндеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
13.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 78
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 600
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 717
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 629
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 639

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8776
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8176
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11405
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9159
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10390