ЖАПЫРАҚҚА ТАМЫР ШЫҒАРЫП, ӨСІМДІККЕ ТАС ЖАРҒЫЗҒАН ТЫҢАЙТҚЫШ

ЖАПЫРАҚҚА ТАМЫР ШЫҒАРЫП, ӨСІМДІККЕ ТАС ЖАРҒЫЗҒАН ТЫҢАЙТҚЫШ

«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» деп дала данышпаны хәкім Абайдың он сегізінші қара сөзінде айтылған он сегіз мың ғаламның ғанибетін тануға ынтық адамзат баласына ортақ ой мен тұнық тұжырым ешқашан өз тұғырынан түспейтіні анық.

Себебі қоршаған ортаны қорғау еңбек пен ғылымның ғана еншісінде. Адамзаттың өзі Табиғат-ананың ажырамас бөлшегі болғандықтан оны аялау, құрметтеу жаратылыстан жүктелген жауапкершілік. Осы ұстаныммен тағы сол Абайша айтқанда «көрсем», «білсем» деп инемен құдық қазып есейген жамбылдық жас ғалым Дәулет Егембердиев топырағы тозған егістік алқаптары мен соры шыққан жерлерді қалпына келтіретін тыңайтқыш ойлап тауып, әулиеаталық, отандық, тіпті шетелдік шаруалардың да алғысына кенеліп отыр.

Жас ғалымның ауыл шаруашығы өнімін арттыруға септігін тигізетін жобасы NURINTECH инновациялық жобалар жарысынан, өзге де ғылыми байқаулардан үздік деп танылып, Финляндияда 1-орынды жеңіп алған. Қазіргі таңда ғалымның өнімі өндірісте оң бағасын алып, Тараз маңында тәулік бойы өндіріліп жатыр.

– Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында қолданылатын түрлі тыңайтқыштар мен химиялық өсiмдiк қорғау препараттарын, мейлі ол минералды селитра, аммофос болсын, дұрыс пайдаланбау экожүйеге кері әсер етеді, жер асты суының минерализациялануына, өнімнің сапасына, ең бастысы адам денсаулығына зиян тигізеді. Ал Biomeliorant Гумат Z 7 жане Z Lux табиғи таза болғандықтан, қоршаған ортаға, адам денсаулығына тек пайдасын тигiзедi. Жарамсыз жерді құнарландырады. Бұл ауыл шаруашылығы үшін өте маңызды. Жобам дүниежүзілік сапалы инновациялар байқауында бірінші орынға ие болды. Ең басты мақсатым – жердің құнарлылығын көтеру. Сол арқылы диқандарға мол өнім алуға жағдай жасау. Және жерге зиянды пестицидтерді жою. Өмірдегі ең басты құндылығымыз, ол – біздің Жер-анамыз. Өкінішке қарай көптеген жылдар бойы жердің құнарлылығы әртүрлі себептерге байланысты төмендеп келе жатыр. Соры шыққан, тұзды жерлерді қалпына келтіруге бағытталған өнімімнің бірі антисор деп аталады. Микро, макро, мазо элементтердің барлығы құрамында қамтылған. Ұрықты дәрілеуден бастап, өнім алғанға дейін толық қамтамасыз ете аламыз. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Халықаралық әріптестердің де үлкен бағаларын алуда. Бүкіл Қазақстан бойынша, сонымен қатар Ресейге, Польшаға жұмыстарымыз жүріп жатыр. Олар жабық алаңқайлар, жылыжайлар мен көптеген химиялық препараттардың немесе табиғи процестердің әсерінен жарамай қалған жерлердің өзін біздің тыңайтқыш арқылы қайтадан қалпына келтіріп жатыр. Бұл біз үшін зор абырой. Қазіргі кезде жердің құнарлылығын қалпына келтіруден бастап, дәндерді дәрілеп, мол өнім алуға мүмкіндік берумен айналысудамыз. Соңғы жылдары өздеріңіз білетіндей ауа райының келеңсіз жағдайларына байланысты қуаңшылық болды. Сол секілді ауыл шаруашылығы саласында көптеген мәселелер бар екені жасырын емес. Жетілмей қалған дәрі ұрықтарының өзі айтарлықтай шығынға душар ететіні анық. Өсімдіктердің тамырларын, жапырақтарын ерте шірітетін аурулар да пайда болды. Соларға да стимулятор дәрілеріміз бар. Біздің тыңайтқыштың құрамында өсімдікке қажетті дәрумендердің барлығы толығымен қамтылған. Кез келген топырақты құнарлы етіп, тіпті өнімді асфальтті жарып шығуға дейін қабілетті ете алады. Сәбіз, картоп, қызылша, қылша секілді өнімдердің көлемі мен сапасын да арттырады. Қазіргі таңда шаруалар тарапынан алғыс болмаса, кері пікір жоқ. Тіпті түсіп қалған жапырақтың өзіне тамыр шығып және ол өнім беріп жатқан жағдайлар да кездесуде. Ғылым мен табиғат ұштасса көптеген жетістікке жетуге болады. Онсыз біз ешқандай нәтиже шығара алмайтынымыз белгілі. Сол себепті осы жобамды Польшада немесе Қытайда емес, өзімнің туған жерімде жүзеге асырып жатқаным ел перзенті ретінде өзіме де мәртебе, мақтаныш, – дейді М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің мелиорация және агрономия саласы бойынша PhD докторанты Дәулет Егембердиев.

Өскіннің өн бойына өміршеңдік дарытатын өнімді Biomeliorant Гумат Z 7, Гумат Z LUX, AntiSor маркаларымен кез келген агромагазиндерден алуға болады. Оның бағасы да қолжетімді. 1 тонна өнім алу үшін бар-жоғы 1 литр өнім пайдаланылса жеткілікті.

– Ғылым мен үшін кәсіп емес, өмірлік миссия. Бұл 12 жылдық еңбегімнің жемісі. Үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыстым. Халықаралық фондтармен жұмыс жасадым. Дүниежүзілік, атап айтқанда Ресейде, Финляндияда, Израильдегі өндіріс салаларында бағасын алды. Ең бірінші мамандығым мұнай мен газды өңдеу технологиясы болғандықтан осы бағытта да республика бойынша үздік технолог атандым. Сондықтан өз тәжірибем бойынша жобама өндірістік схемаларды жасап, құрал-жабдықтарды пайдаланып жерді құнарландыру, баптау, қалпына келтіру, тыңайту және өсімдіктерді қорғау саласымен ұштастырып, нәтиже шығаруға тырыстым. Қазіргі таңда Тараз қаласының сыртынан агро-инновациялар аумағын аштық. Қуаттылықты арттыруға қатысты облыс әкімшілігіне шағын өтініштерімізді бердік. Өз тарапымыздан қуаттылықты арттыруға мол мүмкіндіктеріміз бен құралдарымыз бар. Нақты уақытта шаруалардың сұраныстарын қанағаттандыра алатындай шамамыз жеткілікті. Болашақта одан да арттырамыз. Өндірісте өзімнен бөлек тоғыз адам жұмыс істеп жатыр. Ауысым бойынша тәулік бойы еңбек етудеміз. Шағын өндіріс орны болсақ та дүниежүзі бойынша ең қажетті тыңайтқыштардың көш басындағы өнімді шығарып отырғанымызға қуаныштымыз. Тіпті су болмай қалған күннің өзінде біздің тыңайтқыштар диқандарды құтқарып жатыр. Өйткені өніміміз жасушаның деңгейінде дәрумендерге бай. Әлі де болса өнімді дамытуға аянбай еңбек етеміз. Қазір еліміздің батысымен, шығысымен, оңтүстік, солтүстігімен де күн-түн демей жұмыс істеп жатырмыз. Оған қоса Қазақстан бойынша осы бағыттағы ғалымдарды өз командамызға тартып, теория бойынша машықтанған мамандарды практикаға үйретіп, тәжірибе алмасу жағынан тығыз жұмыс істеп келеміз, – дейді жас ғалым Дәулет Егембердиев.

Аталмыш тыңайтқышты сұйық және құрғақ күйінде де қолдануға болады. Ауыл шаруашылығына тың серпіліс әкелген бұл жаңалықты ең алдымен Талас және Сарыағаш аудандарында тұзды жерлерде сынап көрген. Ал оның нәтижесін нақты уақытта алпауыт елдердің өзі мойындап, алғысын білдіруде. Жас ғалым алдағы уақытта басқа да ғылыми жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырғанын жеткізді. Қалай дегенмен әлемде жер көлемі жағынан тоғызыншы орын алып тұрған еліміз үшін байтақ даланың байлығын еселеп, дәулетін арттыруда Дәулеттің өнімі мол септігін тигізері анық. Жамбылдық жас ғалымның жарқын жобасына, игі ісіне толағай табыс пен сәттілік тілейміз.

 

Нұржан ҚАДІРӘЛІ, Ар Ай газеті
28.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 84
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 89
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 190
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 328
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 331
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 553
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 500

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9201
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8598
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11825
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9595
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10808