Жақсылық Жасаудан Жарысайық

Жақсылық Жасаудан Жарысайық

Қазақ халқы жақсылықты адамның мейірімділігі, адамгершілігі мен имандылығы және шын жүрекпен өзгені бақытқа балауы деп санайды. Жүрегі кең даладай шексіз, қанында жанашырлық пен адалдылық басым болып, көмек қолын әрдайым созып тұратын жандар үнемі жақсылық жасап жүреді. Адамды бақытты етіп, керемет көңіл күй сыйлап, оған жақсылық жасау үшін бай кісі болудың немесе оны барлығы білетіндей етіп, әлемді төңкерудің қажеті жоқ. Жақсылық жасаған кезде ең бастысы, жақсылықты таза әрі шын жүрегіңізбен, ізгі ниетіңізбен жасауыңыз керек.

Мереке қарсаңында Абай атындағы орта мектеп жанындағы интернат оқушыларына ерлі-зайыпты жеке кәсіпкерлер Нұрғали Асқарбекұлы Шайхостанов пен Фарида Тілектесқызы Азаматова түрік елінен әкелінген көйлектерді сыйға тартты.

Мереке қарсаңында интернат оқушыларына сыйлық жасап, елге үлгі боларлық игі істің үлгісін көрсетіп  отырған жеке кәсіпкерлердің тірлігіне интернат меңгерушісі Әлжан Үрмізов интернат ұжымы мен ата-аналар атынан ризашылықтарын жеткізіп, кәсіпкерлердің отбасына амандық, кәсіптеріне береке тіледі.

Дәмеш Мұқанқызы, «SARYSÝ»
24.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5206
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5364
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20329
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18965
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22428