«Жарақат алған ұлт» жарыққа қарай ұмтылуы керек!

«Жарақат алған ұлт»  жарыққа қарай ұмтылуы керек!

Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы: «Біз «тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан біржола арылуымыз керек», – деді. Бұл түсінгенге мағынасы терең, астары қалың сөз! Өзім қатты разы болдым! Ымды түсінбеген дымды түсінбейді. Бұдан асырып не демек!

Дипломат, саясаткер, мемлекет басқарып отырған адам үнемі ишарамен, астармен, пәлсапамен толғайды. Аңыратып айтып тастамайды! Бұл сөзді мен өзімше тәпсірледім. Біздің «тарихи жарақат алған» ұлт екеніміз баршаға аян.

Оған патшалық Ресейдің озбырлығы мен кешегі Кеңес үкіметінің жасаған зұлымдығы нақты дәлел!

Бүгінгі Ресей де бізге қатты жаны ашып отырған жоқ! Өз ағайыны Украинаны аямаған жұрт, ешкімді маңдайынан сипай қоймас!

Бір Аллаға аян, Президентіміз ұлтты сақтап қалу үшін, Мұқағали ақынның өлеңін өзгертіңкіреп жеткізсем:

«Біреулермен жалғастырып жең ұшын,

Жасап жүрсем жаным сүймес келісім,

Барлығы да қайран халқым, сен үшін», – деп жүргені анық!

Дана қазақ «жындымен жынды болма» дейді! Ең басты ұран ел тыныштығы екенін ол біледі! Мемлекет басшысы «Біз «тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан біржола арылуымыз керек» дегенде, қазақ ұлтын оянуға шақырып отыр. Еңсеңді тікте, ғылым мен білімге ұмтыл, иманыңды жоғалтпа! Тарихыңды әспетте! Дау-дамайдан қаш, барыңды қадірле, өткеніңді ұмытпа!

Құлдық психологиядан арыл! Ана тіліңде сөйле! Ұлт болып ұйыс! «Тарихи жарақатыңнан» сауық! Тұтастығыңды сақта! Ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөл! Жоғыңды түгенде! Тірі екенімізді, ірі екенімізді көрсетейік! Сабырлы болайық!

Сонда ғана халқым, біз жеңіске жетеміз деген емеурін жатыр Президент сөзінде.

«Бүлік шыққан елден береке мен ынтымақ қашады». «Бір күн ұрыс болған үйден қырық күн береке кетеді» дейді данышпан жұртымыз.

 

Бірпалаталы Құрылтай кәсіби Парламент құруға жол ашпақ

Ұлттық Құрылтай өз жұмысын тоқтатқаны белгілі. Көп жұмыс істелді. Алдыңғы уақытта екіпалаталы парламент бірпалаталы Құрылтайға айналады.

Мемлекеттік кеңесші – Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Құрылтайдың заң қабылдау үдерісі қандай форматта ұйымдастырылатынын жеткізді.

Бірпалаталы Құрылтай заң жобаларын 3 оқылымда қарайды.

Ол жиында Жұмыс тобының конституциялық реформаға қатысты ұсынған жаңашылдықтарын тарқата айтты.

 

Нағашыбай Қабылбек
29.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 22817
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 22568
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 38476
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36127
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40200