Таразда ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Grand bazaar» сауда кешенінде жәрмеңке өтті.
Жәрмеңкеде Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Қордай, Шу аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері сатылды.
Жәрмеңкеде жалпы құны 19,5 млн. теңгені құрайтын 39,9 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары жеткізілді. Оның ішінде 8,0 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 2,5 тонна шұжық өнімдері, 4,8 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 2,4 тонна макарон өнімдері, 1,1 тонна балық, 2,0 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 16,0 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері болды.