Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасының қатысушылары 40 академиялық сағат мөлшерінде оқыту бағдарламасын сәтті тәмамдады.
«Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы жастарды мемлекеттік қызметке шақыру, олардың кәсіби шеберліктерін, біліктіліктерін, шығармашылық қабілеттерін шыңдай отырып, мемлекеттік қызметтің оң имиджін көтеруге бағытталған.
Ағымдағы жылдың 19-23 ақпаны аралығында «Жас мемлекеттік қызмешілер мектебі» жобасының қатысушылары команда құру, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйесі, мемлекеттік қызметтегі негізгі қағидаттар мен құндылықтар, мансап жолымен өсуге мотивация, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидалары, жобалық менеджмент негіздері және т.б. тақырыптар бойынша оқу бағдарламасынан өтіп, тиісті сертификаттарға ие болды.
Оқу бағдарламасының аяқталу шарасына Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Құралбайұлы Илебаев қатысып, жастарға сәттілік тілеп, олардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы және қоғамда орындарын табуы мемлекеттің болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Департамент басшысының м.а. Руслан Шамелұлы Шарипов жастарға мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оларды мемлекеттік қызметке жұмыс жасауға шақырды.
Айта кету керек, алдағы уақытта жоба қатысушылары мемлекеттік органдарда дипломалды тәжірибеден өтеді.