Жас полицейлердің мерейі үстем болған күн

Жас полицейлердің   мерейі үстем болған күн

Елордада полиция күніне орай «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайында «Үздік жас полицей – 2026» қалалық байқауының қорытынды гала-концерті өтті.

Байқау Астана қаласының аудандық полиция басқармаларында қызмет ететін жас полицейлердің басын қосты.

Қатысушылар бірнеше кезең бойынша өзара бақ сынап, зияткерлік сайыстар мен кәсіби-тактикалық жарыстарда білімдері мен дайындық деңгейлерін көрсетті. Финалдық кезеңде алты ауданның командалары полиция қызметінің маңызын, патриотизм мен мамандыққа адалдықты дәріптейтін шығармашылық нөмірлерін ұсынды.

«Бүгінгі байқауға Астана қаласының алты ауданынан полиция қызметкерлері қатысып, бар өнерін ортаға салды. Бұл бастама небәрі үш ай бұрын ұсынылған еді, ал бүгінде алғаш рет пилоттық форматта жүзеге асып отыр. Қатысушылардың дайындығы мен сахнадағы өнеріне қарап, бұл жобаның болашағы зор екеніне көз жеткіздік. Алдағы уақытта байқаудың ауқымын кеңейтіп, қатысушылар санын арттыруды жоспарлап отырмыз», – деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының басшысы Шыңғыс Тілеулин.

Нұра аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Шерхан Төлеуханов байқаудың қатысушылар үшін маңызына тоқталды.

«Бұл байқау қызметтен тыс уақытта шығармашылық қырымызды танытып, өнерімізді көпшілікке ұсынуға мүмкіндік берді. Астана қаласының әр ауданынан дарынды полиция қызметкерлері бас қосып, өзара бақ сынады. Біз бүгінгі додаға өзіміздің авторлық патриоттық «Есте» әнін алып келдік. Бұл туынды қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әріптестеріміздің рухына арналады», – деді ол. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Нұра аудандық полиция басқармасының командасы иеленді. Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 

25.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26079
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25529
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42924
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38738
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43326