ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Өткен жыл өңіріміздегі әрбір сала үшін жетістікке толы жыл болды десек қателеспейміз. Әсіресе, спорт саласындағы қол жеткізген көрсеткіштеріміз көңіл қуантады. Бірқатар жерлестеріміз Әлем және Азия біріншіліктерінде топ жарып, әнұранымызды әлемдік ареналарда әуелетті.
Бүгін дәл осындай белестерді бағындырған жерлес спортшыларымызбен, олардың ата-аналарымен және бапкерлерімен арнайы кездесіп, құрмет көрсеттік. Аталған спортшылардың қатарында өткен жылы бокстан екі мәрте ел чемпионы және Бакудегі халықаралық жарыста жеңімпаз атанған Мадияр Бексұлтанов, облысымыздың біріншілігінде топ жарған Айбар Рүстем, Үрімшіде өткен кадеттер арасындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған Арнұр Рүстем және дәл осы жарыстың күміс жүлдегері Мағдсилан Әлкен сынды жас былғары қолғап шеберлері бар.
Басқосу барысында спортшылардың алдағы додаларға дайындық барысын талқылап, сәттілік тіледік. Сондай-ақ, өткен жылы жеткен жетістіктерімен құттықтап, ата-аналары мен спортшыларға және бапкерлеріне Алғыс хат пен естелік сыйлықтарды табыс еттік.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі
12.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 24
ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 58
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 40
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 68

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1213
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7258
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11121
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7320
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7469