ЖАСТАР АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ЖАСТАР АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
 
Бүгін Масаншы ауылында «Отанды қорғау – азаматтық парыз» тақырыбында округ жастарының ауған соғысы ардагерлерімен кездесуі өтті.
Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері мен Қордай аудандық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Дәулет Қырғызбаев қатысты.
Шараны ашып берген ардагерлер кеңесінің төрағасы Д.Қырғызбаев «Мұндай кездесулер елінің азаматы ретінде, болашақ Отан қорғаушы ретінде ауыл жастарының бойларына рух беріп, Отан алдындағы борышын адал өтеуге ынталандырады», – деп атап өтті.
Еркін форматта өткен кездесу барысында ауыл жастары қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп, бейбіт өмірді сақтауға, ер азамат ретінде Отанды қорғауға дайын болуға шақырды.
Қордай ауданының әкімдігі
31.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14306
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14241
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29385
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28019
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31551