ЖАСТАР - ЖАРҚЫН ІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ

ЖАСТАР  - ЖАРҚЫН ІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ
Жамбыл ауданында ерекше леппен атап өтілетін «Жастар күні» мерекесінің биыл да үрдісі үзілмеді.
Жылдан-жылға жаңа, әрі тың идеямен тойланатын күнді аудан жастары асыға күтетіні рас. Биылғы жылы 12 тамыз – Халықаралық Жастар күніне арналған «Жастар еліміздің болашағы» атты салтанатты шара аудандық жастар ресурстық орталығында кең көлемде тойланды.
Мерекелік кештің ашылуында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының құттықтауын аудандық "Жастар ресурстық орталығының" директоры Жандар Тоқсаба жеткізіп, аудан жастарына алғыс білдірді.
Біздің елімізде өскелең ұрпаққа әрдайым көңіл бөлініп, істеріне қолдау жасалады. Осы қолдауды сезінген жас буын қоғамдық жұмыстарға үнемі белсене атсалысып, өздерінің алған білімі мен тәжірибелерін іс жүзінде көрсетуде. 
Бұл орайда Жамбыл ауданы жастарының күнін атап өту арқылы қоғамның қозғаушы күшіне айналған жастардың осы бір белсенділігін арттыру көзделген.
Мерекелік шара барысында орталық директоры Жандар Тоқсаба ауданның жастар саясаты саласына үлес қосып жүрген бірнеше жастарды марапаттады. Одан бөлек, аудан әкімінің кубогы үшін өткен жайдарман ойынында өнер көрсеткен үздік үштік пен қыздар арасында кіші футболдан өткен аудандық турнирдің жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.
Жандар Жамбылұлы өз сөзінде: "Жастар біздің қозғаушы күшіміз. Қашанда игі істердің қатарында жүретін жандар. Біздің ауданның жастары да қай салада болмасын өздерін жақсы қырынан танытып, жастар саясатына белсенді үлес қосып келеді. Жастар, мереке құтты болсын!",- деп атап өтті.
Мерекелік шарадан керемет әсер алған жастар кеш соңын мерекелік би кешімен жалғастырып, отшашуды тамашалады.
Жамбыл ауданы әкімдігі
13.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 52
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ДАНА АРНАЙЫ КИІМ ТІГЕТІН ФАБРИКА САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 24
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ КӨКПАРШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 14
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРГЕ» ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНАН БІЛІКТІ КАДРЛАР ШАҚЫРЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 17
СОЗАҚТА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 210 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛГЕН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 23

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1517
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7553
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11430
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7592
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7752