Жастардың жаңа өзгерістерге көзқарасы айқын

Жастардың жаңа өзгерістерге көзқарасы айқын
 
  •  
 

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға жаңа өзгерістер енгізу туралы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Өзгерістер кезеңі  мемлекеттің жаңа даму бағдарын айқындайтын болғандықтан,елдегі жүргізіліп жатқан саяси реформалардың маңызы зор.Ал референдум – саяси реформаларға құқықтық негізі болмақ.2

Референдумда халыққа үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Арнайы жұмысшы тобы ұсынған өзгерістерді саралап, таңдау жасау – елдің саяси белсенділігіне байланысты. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ұстаз» институтында «Мен жаңа реформаларды қолдаймын» тақырыбында өткен студенттермен кездесуде осы мәселелер қозғалды.

Мемлекетіміз таңдаған жаңа даму жолындағы оң өзгерістер білім саласын айналып өткен жоқ. Халық даналығындағы «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» ұғымы дәл қазіргі кезеңге сай келіп отыр. Саяси реформалардың сан саланы қамтыйтыны түсінікті. Жалпы басқару жүйесіндегі өзгеріс, барлық салаға серпін беретіні анық. Жастармен өткен кездесуде профессор-оқытушылар қозғаған ойдың өзегі – осы.

– Ел алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу. Оны жүзеге асыру үшін әр білімгер өзіне жауапкершілікті алып, қарапайым сессияға адалдық пен әділдікпен қатысып, өзгерісті өзінен бастағаны дұрыс. Адалдық – жеке адамның қоғамға деген таза ниетінен бастау алады, - деді «Ұстаз» институтының директоры Орынқыз Көпбосынова.

Жиындаспикерлер педагогикалық бағытта білім алып жатқан болашақ ұстаздарға5 маусым күні өтетін референдумның мәні мен маңызын түсіндірді. Әрбірінің сайлау кезіндегі саналы таңдауел мүдде үшін жасалатыны айтылды. Кездесуде«Заң» факультетінің меңгерушісі Асқар Жақсылықұлы сөз сөйлеп, жастардың –  білім алып, тұлға ретінде дамыған кезінде Жаңа Қазақстан жаңарумен, жаңғыруды өткере алатынын жеткізді.

3

 

Медиа-қызмет
20.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 53
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 38
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 162
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 162
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 306
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 306
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 526
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 477

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9181
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8580
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11808
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9577
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10788