Жастарға көңіл бөлу – ел болашағына бейжай қарамау

Жастарға көңіл бөлу – ел болашағына бейжай қарамау

         Елімізде жастарға тиісінше жағдай жасалмаған деуге болатын шығар. Біз бұны құр шұбырып, дипломын қолға алса да, жұмысқа бас сұға алмай жүрген мамандардан да көре аламыз. Мәселе дипломда да емес-ау, қалаған жұмысында жалақысы маңдымайтын жастар жалдамалы жұмыстарға кетуге мәжбүр болады. Ал қалада ондай жұмыс жетіп артылады. Бірақ жатақ жері мен жүріп-тұруға кететін қаржы да оларды әбден қажытып жіберетіні анық. Адам баласы бала кезден жақсы өмір сүрсем, таршылық көрмесем деп өседі ғой. Ал үнемі шығын мен қаладағы мыңдаған жұмыссыздардың арасында саңылау тауып, оның да жақсы қаражат табуы қиынға соқпақ. Иә, мемлекет басшысының былтыр айтқан ауыл жастарының жағдайын жақсартуға бағытталған тапсырмасы әлі дұрыс орындалмай отыр. 2020 жылы Қ.Тоқаев мырза Үкіметке ауыл жастарының жағдайын жақсартуды тапсырған болатын. Ал егер олай етпесек, урбанизация күшейетіні анық. Қалаға жаппай көшкен ауыл жастарының бәріне қаладан орын табыла қоя ма? Оларға тұрғын үй беріле ме? Дайын тұрған жұмыс орындары, зауыт, фабрикалар бар ма? Әрине, жоқ. Өндіріс орындары жұмыс істемегеннен кейін, бәрі құрылыс немесе жүк тасушы секілді қара жұмысқа шығатыны анық. Ал ауыл ше? Ауыл бос қалады. Еңбек күші жоқ ауылда сауда да, басқасы да жүрмейді. Болашағы бұлыңғыр ауылдық елді мекендерде ешкімнің қалғысы да келмейді ғой. Сондықтан шалғай ауылдарда жұмыс орындарының ашылуына баса мән беру керек сияқты. Зауыт, фабрикаларды барынша ауылды жерде салған жөн болады. Жұмыс орны ашылады, жастардың ауылда қалуына мүмкіндік береді және ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын да көтермек. Қазір бізде ауыл жастарын, тіпті жалпы жастарды көтермелеуге бағытталған бірыңғай өңірлік бағдарламалар жоқтың қасы. Жастар саясатына бөлінген қаржы діттеген жеріне жетіп жатыр ма? Бағдарламалардың болғанының өзінде жастар олар туралы ештеңе білмейді. Сайттарындағы ақпараттар түсініксіз орналасқан. Мысалы, «Алматы жастары» атты тұрғын үй алуға арналған бағдарламаның сайтында қазір тек  жалға беру туралы ғана ақпарат тұр. Ал тұрғын үйді ипотекаға алу туралы бағдарлама туралы ақпарат және оның қашан басаталатыны туралы мәлімет жоқ немесе оны табу өте қиын. Біздер жастарға жасалған әлеуметтік бағдарламалардың барлығы ақпарат шығатын тетіктердің барлығына жариялау керек деп ойлаймын. Оны білмейтін жастар мүмкіндігін құр жіберіп алмасына кім кепіл? Жастар – елдің болашағы. Олардың әлеуметтік жағдайы бүкіл елдің көңіл-күйіне әсер ететіні сөзсіз.

 

Абзал СҮЛЕЙМЕН
16.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 187
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 518
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 471

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779