Б.Момышұлы атындағы 5-ші механикаландырылған бригаданың инженерлік-саперлік бөлімшесінің тактикалық арнайы сабағы еркін форматта өтті. Әскери қызметшілер өздерінің оқу-жауынгерлік міндеттерін полигонның әдеттегі жағдайында емес, қала шегінде орындады. Тактикалық сабақтың шартты кіріспесі бойынша жауынгерлер елді мекен ғимараттарының бірінде жарылғыш затты анықтауға міндеттелді. Талап бойынша әскери мамандар аталған жерге дереу келіп, оқ- дәрілерді залалсыздандыруы керек.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5-ші механикаландырылған бригадасының инженерлік- саперлік бөлімшесінің әскери қызметшілері арнайы киім-кешекпен жедел жабдықталып, барлық қажетті жарақтарды өзімен бірге алып, саперлер межелі жерге келді.
Оқу- жауынгерлік тапсырманы орындау қауіпті учаскеге жақын жерде тұрғын үйлер болса қиындай түседі. Бірақ жаттығу барысында жарылғыш заттарды залалсыздандыруға баса назар аудару маңызды.
Мұны механикаландырылған бригаданың минадан тазарту тобы қолға алды. Бөлімше құрамында үлкен тәжірибесі бар әскери қызметшілер бар. Олар бірнеше рет оқ- дәрілерді минадан тазарту және жою жұмыстарын жүргізді.
– Алдымен жарылғыш заттардың қандай түрімен айналысатынымызды анықтау қажет. Содан кейін қауіпті затты алыс қашықтыққа тасымалдау керек пе, әлде сол жерде залалсыздандыру керек пе, сол бойынша дұрыс шешім қабылдау қажет. Біз қателесе алмаймыз. Сондықтан үнемі жаттығулар мен сабақтар ұйымдастырып, дағдыларды шыңдаймыз, – дейді 5-ші механикаландырылған бригаданың инженерлік қызметінің бастығы, капитан Санат Серікбаев.
Ал осы бригаданың инженерлік-саперлік бөлімшесінің бөлімше коман- дирі Серікқали Әбдіқадыр болса: «Біздің жұмысымыз қауіпті, бұл шындық. Бірақ егер сіз бәрін дұрыс және ұқыпты жасасаңыз, сабырлы болсаңыз және әбігерге түспесеңіз, бәрі жақсы болады!» – дейді сеніммен.
Барлығы саперлермен өткізілген тактикалық арнайы сабақ барысында тәртіпке келтірілді. Табылған оқ-дәрілердің көп бөлігі қала сыртына шығару үшін арнайы көліктерге мұқият орналастырылды. Бірақ бір жарылғыш затты сол жерде залалсыздандыруға тура келді.
– Полигондар жағдайында әскери қызметшілерді оқыту жүйесі тиімді. Бірақ бүгінгі күннің шындығы тез өзгеруде. Қазір елді мекендерде соғыс қимылдарын үйрету әлдеқайда маңызды. Сондықтан біз инженерлік- саперлік бөлімшелерді дайындау әдістемесін жетілдіреміз, нақты өмірде болуы мүмкін жағдайларды жасаймыз, – деп атап өтті тактикалық сабақ соңында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының инженерлік әскер бастығы, подполковник Аралбек Таңатов.