ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ЖІГЕРІН ЖАНЫҒАН ШАРА

ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ЖІГЕРІН ЖАНЫҒАН ШАРА
Елімізде «Батыл тойтарыс-2022» ведомствоаралық оқу-жаттығу басталды. Осы ретте, аудан аумағында орналасқан 91678 әскери бөлімі де бұл оқу-жаттығудан қалыс қалмай, дала жаттығуын өткізуде.
Теріс-Ащыбұлақ ауылының маңындағы әскери бөлімнің полигонында жеке құрамның жауынгерлік рухын көтеру мақсатында аудандық «Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының» «Қызғалдақ» ән-би ансамблінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды.
🖋Концертте сөз алған 91678 әскери бөлім командирінің орынбасары, штаб бастығы, Руслан Самсахов: «Отан қорғау – ер азаматтың міндеті. Ел қорғаны – қуатты әскер сарбаздары. Міне, бүгін әскери бөлімнің жеке құрамына ауданның өнерпаздары әннен шашу шашып, рухымызды көтеріп, көңілді бір серпілтті. Қазақ халқының әдемі патриоттық әндері ашық аспан астында шырқалып, сарбаздарды жігерлендірді. Рухты көтеретін тек сөз ғана емес, сонымен қатар осындай ән де екеніне тағы бір көзіміз жетті. Осындай әсем әнмен көңіл көтеріліп, алдағы оқу-жаттығуды сәтті аяқтаймыз деп үміттенемін. Рухымыз асқақ, мәртебеміз биік болсын!» деп аудан өнерпаздарына алғысы мен ризашылығын жеткізді.
🖋Шараның ең тартысты кезеңі спорттық ісшараларда болды. Әскери өмірде шыңдалған, білек пен жүректің мықтылығы үйлесім тапқан әскери қызметкерлер спорттық ойында бір-біріне дес бермеді. Яғни, аудан әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері жеке құрамға арнап ұлттық ойындардан жарыс өткізді. Алғаш болып жеке құрам арқан тартыстан бақ сынап, тартысты ойын үлгісін көрсетті. Мықтылар жиналған командалар бір-бірінен асып түсіп, ұлттық ойынның көркін қыздыра түсті. Бірнеше командаға бөлінген жеке құрамның ішінде кіл мықтылар Полигон бөлімшесіне жиналып, жеңісті қолдан бермей, арқан тартыстың жеңімпазы атанды. Аталған ойынның ІІ орны Таулы-егерлі ротасына, ІІІ орны Артиллериялық батареяға бұйырды. Одан кейін әскерилер 24 келі гір тасын көтеруден сынға түсті.
 
Нағыз білектілер ортаға шығып, бір-бірінен қалыспай, гір тасын шама-шарқынша көтерді. Бұл ойында әзілдері жарасқан жеке құрам бір-біріне қолдау көрсетіп, рухтарын түсірмеді. Онға жуық әскери қызметкер мен жауынгер жарысқан бұл ойында 150 рет гір тасын көтеріп, А.Беркімбаев І орынды қанжығасына байлады. Гір тасын 130 рет көтерген Д.Акименко ІІ орынға тұрақтаса, 102 рет көтерген Р.Хайрутдимов ІІІ орынды иеленді.
🖋Ал, ләңгі теуіп жарысқан жеке құрамның жігіттері балалық шаққа саяхат жасап, мәз болысты. Сонымен қатар, жеке құрамда тек білекті жігіттер ғана емес, ойы жүйріктері де табылды. Оны біз шахмат және дойбы, тоғызқұмалақ ойындары барысында аңғарып, куә болдық. Сарбаздар мен әскери қызметкерлер ұлттық ойында ой жарыстырып, бір-бірін басып озды. Одан бөлек, бір топ әскерилер үстел теннисін ойнап, бір серпіліп қалды.
 
Спорттық шараларда өзара сынға түскен сарбаздардың арасында жеңімпаздар анықталып, ұйымдастырушылар тарапынан арнайы Дипломдармен марапатталды. Отан қорғаушылар бір күндік демалысын қызықты да пайдалы өткізіп, есте қаларлықтай күн болды. Көңіл күйлері көтерілген жеке құрам ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Жуалы ауданы
12.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 73
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 74
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 319
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 542
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 490

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9194
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9589
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10803